Байқоңырдан қаңтар айының соңында “Протон-М” зымыраны ұшырылады

"Протон-М" зымыраны Байқоңырдан 2016 жылдың қаңтар айының соңында ұшырылады, - деп хабарлайды Primeminister.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетіне сілтеме жасап. Дереккөз: tengrinews.kz

0
Байқоңыр Протон-М зымыран

“Қазір “Байқоңыр” ғарыш айлағында Eutelsat 9B европалық телекоммуникациялық ғарыш аппаратын ұшыру бағдарламасы аясында “Бриз-М” үдеткіш блогымен “Протон-М” зымыранын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Зымыранды ұшыру 2016 жылдың қаңтар айының соңына белгіленген және бұл “Байқоңырдағы” ғарыш жылын ашады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Eutelsat 9B ғарыш аппараты Францияның Eutelsat Communications спутниктік операторына тиесілі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!