Стамбулда жарылыстан 10 адам қаза тапты

Жарылыс қаланың туристер көп жүретін Сұлтанахмет алаңында болған. Стамбул билігінің хабарлауынша, жарылыстан 15 адам жараланған. Дереккөз: centralasian.org

0
ыстамбул жарылыс

Түркияның Dogan агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем көліктері жетіп, полиция жарылыс болған аумақты қоршауға алған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, жарылысты мотоциклге мінген жанкешті жасаған.

Жарылыс болған аумаққа тарихи, туристер көп баратын Сұлтанахмет мешіті, Айя София мешіті мен Топкапи сарайы жақын орналасқан.

Қазан айында Анкарада екі жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тапқан. Прокуратура жарылыстарды “Ислам мемлекеті” экстремистік ұйымының содырлары жасаған дейді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу