Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджетке өзгеріс енгізілуі мүмкін

Келесі аптада еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен экономикалық саясат бойынша кеңес өтіп, экономиканы дамыту жоспары мұнай бағасы барреліне 30 және 20 доллар деген есеппен қайта қаралады. Келесі жылдың бюджетіне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдануы да мүмкін. Бұл туралы пленарлы отырыстан кейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Дереккөз: 7kun.kz
0
Бақыт Сұлтанов

«Өткен жылы мемлекет басшысы бізге экономиканы дамыту жоспарын мұнай бағасы 30 және 20 доллар болады деген нұсқамен қайта қарауды тапсырған еді. Біз ол нұсқаларды есептедік. Келесі аптада бізде премьер-министрдің басшылығымен экономикалық саясат бойынша кеңестің отырысы өтеді. Сонда талқылаймыз»,-деді Б.Сұлтанов.

Қаржы министрінің сөзінше, кеңес отырысында республикалық бюджетті нақтылау мәселесі де қаралады.

«Біздегі параметрлер доллар 300 теңге және мұнай бағасы барреліне 40 доллар болады деген есеппен жасалған. Бірақ бүгінгі ралли — 30 доллар. Бұл сценарий де шындыққа айналып келеді»,-деді ведомства басшысы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу