Алматыда жатақхана өртенді

Алматыда колледж жатақханасы өртеніп, ондағы 301 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

0
Өрт сөндіру

Өрт сөндіру бөліміне дабыл қоңырауы таңғы сағат 04:25-те түсіп, Бостандық ауданындағы жатақхананың бір бөлмесінен өрт шыққандығы туралы айтылған. Оқиға орнына дереу келіп жеткен құтқарушылар ғимарат ішіндегі студенттерді терезе және эвакуациялық есік арқылы қауіпсіз жерге шығарды. Сондай-ақ, қызыл жалынның тұтанған жерін анықтауда өрт сөндірушілер біраз уақыттарын жоғалтты.

“Қабаттардағы көктүтін көру мүмкіндігін нашарлатып, біраз бөгет болды. Дегенмен, дер кезінде қимылдауымыздың арқасында жалын санаулы минуттарда ауыздықталды. Атап айтар болсақ, 05:06-да өртті толықтай өшірдік” дейді Алматы қалалық ТЖД өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу