Аша Матайдың әкесі қызының “сексуалды” екенін айтып, жалаңаш эпизодқа түсуіне кеңес берген

Жуырда «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасы арқылы көрермендер әнші Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың отбасысымен де жақынырақ таныса түскен еді. Әйткенмен, бағдарлама эфирге шыға салысымен ондағы Ашаның және ата-анасының пікірлері бірден қатал сынға ұшырады.

71
Аша Матай

Қызының кинодағы жолы туралы баяндаған әкесі «Обратная сторона» фильміне түсуге Ашаға ұсыныс келген сәті туралы айтып берді. Алғашында Аша ол ұсыныстан бас тартса да, әкесі өз кеңесін берген. Аталған фильмде Ашаның жалаңаш күйде душқа түсіп тұратын да эпизоды бар.

Бағдарламаны көрген көрермендер Ашаның келін бола тұра тым көп сөйлейтінін, әкесінің де қызын асыра мақтағанын айтып реніштерін білдірген.

Ашаның әкесі: «Сен ол эпизодқа түсу кезінде тіпті де көрініп тұрмайсың, душтың ішінде тұрасың. Халық сенің киімсіз-ақ әдемі екеніңе көз жеткізсін, онда тұрған не бар. Біреумен құшақтасып немесе сүйіспейсің, бұған еш қысылуға болмайды деп айттым», – дейді.

Сөзге араласқан анасы да, тағы бір «қызықты» жағдайдың тиегін ағытқан.

«Аша бір күні сахналық көйлегін ұмыт қалдырып, концертке басқа көйлегін киіп шықпақ болды. Ол көйлегі қысқа болатын. Концерттен кейін әкесі Ашаға қарап, «қызым осындай көйлекті көп кисең, «сексуальная боласың деді”, – дейді анасы Бәтес.

Ал Арманның өзі де, ата-анасы да эфир барысында барынша сабырлы ұстаған. Айтпақшы, ата-енесі Ашаға үйде орамал тақпай жүре беруге рұқсат беріпті.

Әлеуметтік желі қолданушылары, сұхбат берушілердің, әсіресе, Аша мен оның ата-анасына өз наразылықтарын білдірген. Біріне құдаларынан қысылмай сөйлеген Ашаның әкесі жақпай қалса, біріне өзін шектен тыс еркін ұстаған Аша ұнамапты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

71 пікір

  1. Əкесінің кызына жалаңаш кинога тус,сен жалаңаш сексуалдысың деп айтуы əкелік тəрбиеге менше карама кайшы

    • Семей каласынан акесиде анасыда азгн адамдар

  2. Орамал тақпай жүру келінге ұят нəрсе. Көп сөйлейтіні де рас. Мақтаншақ екен. Күйеуі айтып тəртіп беруі қажет.

    • сексуални боласын деген жок кумандарш кормеген болсандар адемы деген сиякти атты биреумен не шаруаларын бар оздерынды тузендерш онып тургандай каьтырасындар фу

  3. Əкесі бір түрлі екен. Сондайды қызына айтуға аузы қалай барды .Бопты қызына айтыпты елге жария қылу ұят😰 Ашанын атына кір келтірді ұят 😰 Аша қиналып жатқан шығар

    • Дұрыс айтасыз олай айтпауы да мүмкін журналист деген аузын жапсаң арты сөйлейді ғой мен ойлаймын бұл өтірік шығар қандай ата ана өз баласын жаман болсын дейді ондай сөздерді айтып мүмкін 100грамм тартып қойып айтпаса енді

    • Дұрыс айтасыз олай айтпауы да мүмкін журналист деген аузын жапсаң арты сөйлейді ғой мен ойлаймын бұл өтірік шығар қандай ата ана өз баласын жаман болсын дейді ондай сөздерді айтып мүмкін 100грамм тартып қойып айтпаса енді

  4. Бул таза шетелдин тарбиеси сиякты болып кеттигои а маскарагои бул егер рас болса аиелди кызгану тарбиелеу жаман ерси нарселерден тыиу коргау куеуинин Арманнын миндети олда озинин оиын аиту керек бул жерде

  5. 😁😂😂😁 ойбай не диді акесі точно осылай айтканба не? Шешесі де қалар емес😆. Байғұс Арманның əке-шешесі 😟

    • Менинше ешкандай уяты жок ойткени ол кино. Киноны адамнын журегине жеткизе билуде онер мен ушин. Сондыктанда акеси кызынын омирде улкен белестерге жетуи ушин бетинен какпай оз руксатын берип отыр.

  6. Əкесі точно осылай айтқан ба 😁ужас 😬. Шешесі де қалар емес 😬. Байғұс Арманның əке-шешесі 😟

    • Акылы соган жеткен жетесиз.Аттен, акылды, аузынан асыл соз шыгатын азаматтарымызды корсетпей ме, одан да

    • Әкесі азған екен.Қызына сондай ақыл берсе әке болған түрін қара. Ашадан ұят болған екен.

  7. Менің ойымша Ананың әке шешесінің кызына деген тәрбиелік көзқарасы дұрыс емес.

    • Аршын
      Әкенің қызына мұндай сөз айтуы ақмақшылық. Ашаның көп сөйлегені тәрбиесіздік. Анасы да парасатсыз сияқты. Сөздері крышасы кеткен дамдардың сөзі сияқты.

  8. Может ол туган емес, огей акесы болар. Туган аке дены дурыс болса, олай айтуы мумкын емес!!!

  9. Арман өте тәрбиелі және тәртіпті жігіт екені көрініп түр , өзі енді Ашаны тәртіпке шақыру керек сияқты әйелді бастан дегендей.Ал,ата-ананаға баласы қай кезде әдемі де,аппақ болады!!!

  10. Секс деген сөз жыныстық қатынас деген сөз. Сексуальная деген сөз секспен айналысуға қызығушылық танытатын адам деген мағына берсе керек. Ол сөздің түбірі сі**с деген қазақ сөзінен шыққан деп кезінде Бауыржан Ибрагимов айтқан болатын “Бауыржан шоуда”. Аузына не келсе соны айтып отыра беретін әңгүдіктер болады. Әкесі қызын азғырып отыр ғой. Шешеді де одан асып тұр. “Апама жездем сай” дегеннің кері келген екен. Алма ағашынан алысқа түспейді: Аша жаттанды өлеңді жақсы айтқанымен, сөз байыбына бара бермейтін сияқты. Алдымен ойлап, кейін сөйлеген дұрыс қой. Айтып болған соң ойланғаның кеш болады.

    • .ОНЕР АДАМЫ БОЛСАДА ТЫНЫШ ЖҮРҮУ КЕРЕК ДҰРЫС ПА ДОСТАР

  11. Қазақтан ұят кетті деген осығой. Үйдегі тəрбиенің жоқтығынан, қыздарымыз ұятсыз, ұлдарымыз тексіз болып барады.

  12. Шын болса негизи бул отирик, мысалы.Роза Рембаейваны олди деген сол секилди бир ойы дурыс емес адамдар шыгарып отырганы сенбеймиз, дегенмен ондай ангиме коп ,сиздер биреудин акесин кайтесинндер оз акелериниз жаксы болса болды емеспе. Кандай адамдарсындар осекши.

  13. тоба! неше түрлі адам бар. əкесі қызына қандай тəрбие беріп отыр?!Армаша Ашанын тəрбиесін өз қолына алмасан болмайтын сияқтығой 😂

  14. Уятай акесы мен анасы да остып айтса кыздын не болганы. Ашаны ата анасын тарбиелеу керек екен.

  15. Арман әншлер кымбат машинам көилегім бар деп көтендері айналғаншша мақтанады ол қалықтың ақшасы емеспе өтірік микрофонды ұстап алып запистермен пері қаққандай секірііп өлең айтады өтірік ән айтушыларды соттаса таза әншілер шығар еді кейбір өнер адамдарыннан ар ұят кеткен енді енді олар бірнеше өиел алдым бірнеше күиеудің қызығын көрдім деп мақтанулары ғана қалды ондайға таңдануға болмайды ендгі жерде бәрін күтуге әбден болады заманымыз бұзылған жоқ адамдар бұзылған заман арсыз адамдар қандай сын айтсаңда бит шаққандай оларға әсер етпейді оларға сенікі дұрыс деген абзал ондайлар азып барып өздігінен өзі азаяды босқа шаршмайық жібі түзу бауырлаорым аман болыңдаршы асққандарды түбінде жаратқан ием өзі жылатады

  16. Бул қазаққа тән сөздер мен тәрбие емес! Әкесі сонда қызына осындай тәрбие бердім деп құдаларына мақтанып отыр ма? Мен Арман болсам, Ашаны әкесіне қосып үйіне беріп жіберетін едім!

  17. Бул деген сумдык кой акша не истетпейди нагыз туган ата ананын айтатын сози емес

  18. Өнер адамы екенмындеп тыржаланаш жүру керекпе кандай адам болсада ол қыз ана келін емес па уятай

  19. Шыныменде дал солай айтты ата-анасы айтып отыр Аша емес, Аша коп сойлейди расында, бирак манагы создерді аке шешесі айтып отыр, кудаларынан да уялмайды, букил Қазақстанның алдында айтты Жулдызды шаңырақ бағдарламасында, бұл рас!

  20. Не деген ұят нәрсе.Арманға обал болды.Ана Ашаның шашын жулу керек .Ондай адамнын сахнада жургени де ұят

  21. Несіне таңқаласыздар қаланың қазақтарының копшілігі осындай падамдар олар қазак емес.

  22. Қыз баласы үш адамды тозаққа апарады деген бар, олар – əкесін, ағасын жəне күйеуін, себебі сол еркектер қыз баласына, қарындасына, жарына дұрыс тəрбие бермегені үшін!

  23. Ашаның отбасы бір түрлі шешесіде əкесіде,Арманның отбасы қарапайым жақсы кісілер сияқты ғой.

  24. Солайша айтты мен өзім көрдім. Ашаның əкесі Құдасының үйінде отырып Арманға сөздерімен үстемдік танытып отырды. Аша дауысын мың құбылтып көп сөйледі. Ашаның анасы, ата-енесі сабырлы ұстады өздерін.

Пікір қосу