Алматы облысында үш ай бұрын жоғалып кеткен қыз табылды

Бойжеткен 2015 жылдың қазан айында жоғалып кеткен еді. Із-түссіз жоғалған қызды Текелі қаласының полиция қызметкерлері іздеді деп хабарлайды Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз бөлімі. Бұл туралы Қазақстан – Жаңалықтары хабарлайды. Дереккөз: newskaz.ru

0
полиция

Кәмілетке толмаған қыздың туыстары оның хабарсыз кеткенін айтып Текелі қалалық ішкі істер бөліміне қараша айында келген.

«Іздеу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде, бұл маңызды шараға Ескелді аудандық және облыстық полицейлер де көмек қолын созды. Нәтижесінде Талдықорғанда жоғалған 17 жасар қызды іздеу мүмкіндіктері ашылды», – делінген хабарламада.

Соңғы үш ай көлемінде қыз облыс орталығындағы құрбысының үйінде болған. Қазіргі таңда ізделуші кері қайтарылды.

Сурет авторы Елена Бережная.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!