Қазақстанның Ұлттық қорындағы ақша 6-7 жылда таусылып қалуы мүмкін

Ұлттық қордағы ақша 6-7 жылда таусылып қалуы мүмкін. Ұлттық банктің инвестициялық корпорация басқармасының төрағасы Берік Өтемұрат АҚШ-тың Wall Street Journal-ына берген сұхбатында осылай дейді. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды. Дереккөз: astanatv.kz

0
Берік Өтемұрат

Қорда қазір 64 млрд АҚШ валютасы бар. 2014 жылдың тамыз айына дейін бұл сома 77 млрд болатын. Яғни осы уақыт аралығында қордағы қаржы 17%-ға қысқарды. Өтемұраттың айтуынша, Үкімет жыл сайын бюджет шығындарын жабуға 9,5 млрд көк қағаз алады.

Ал соңғы 5 жылда Ұлттық қор жылына 1,96 пайыз табыс тауып келген. Мемлекеттік шығындарды жабу үшін, жыл сайын 5-6 миллиард америка валютасы көлемінде кіріс кіріп тұруы тиіс, – деп нақтылады спикер.

Қазақстандық басылым тілшілеріне  Өтемұрат мырза шетелдік басылымға берген сұхбаты жөнінде қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!