Доллар бағамы 356 теңгеге жетті

2016 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 355,52 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында хабарланды. Дереккөз: 7kun.kz

1
доллар бағамы
Фото: Капитал

KASE ақпаратына сәйкес, дүйсенбі күнгі таңертеңгі сауда кезінде доллардың минималды курсы — 354,60 теңге, максималды курс –356,35 теңге. Сессия жабылу кезінде курс 356,30 теңге болды.

Таңертеңгі сессияда сауда көлемі 50 млн 400 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 69.

Алматы қаласының айырбастау бөлімшелерінде доллар 356-357 теңгеден сатылуда.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Доллар көтерілгенімен бізге ешқандай зияны жоқ қой. Біз тауарды теңгемен алмаймыз ба? неге халық шулап жүр.

Пікір қосу