Шымкент қала әкімдігінің WhatsApp желісіне 1607 өтiнiш келіп түскен

Өткен жылдың қазан айында іске қосылған қала әкімдігінің «WhatsApp» желісі нәтижелі жұмыс көрсетіп келе жатыр. Өйткені шымкенттіктерді мазалайтын мәселе көп.

1
WhatsApp желісі

Жалпы, бүгінгі күнге дейін «WhatsApp»  желісіне 1607 адамнан өтініш келіп түссе, оның 1527-нің шешімі табылған. Өтініштердің арасында қалалықтарды тазалық, абаттандыру мәселелерінің жиі мазалайтыны байқалады. Мәселен, 321 өтініш қабылданса, оның 317-і орындалыпты. Ал төртеуі қазір қаралу үстінде. Бұдан бөлек, жол жөндеу және жер қазба жұмыстары, су, газ, жарық, ашық құдықша, канализация, ирригация мәселелері де назардан тыс қалмаған. Мәселен алты күннің  ішінде қоғамдық көлік бойынша 177 адамнан өтініш келіп түскен. Мамандар оның 170-не жауап беріп үлгеріпті. Ал жетеуінің мән-жәйі қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Көп ретте, шымкенттіктер автобустардың бір-бірімен жарысуына, қоғамдық көліктегі тазалыққа, автобустар арасындағы интервалдың сақталмауына көңілдері толмайды. Жылу мәселесіне қатысты көпқабатты үй тұрғындарынан 162 өтініш келіп, барлығының да мәселесі шешілген.

Еске сала кетейік, қала әкімдігінің «WhatsApp» желісінің нөмірі – 8-777-885-85-13, 8-777-885-85-02.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу