Ақтау әуежайында өртенген ұшаққа байланысты зерттеу нәтижесі жария болды

SCAT әуе компаниясына тиесілі Boeing-737 лайнерінің бортында болған өрт оқиғасы туралы ҚР ИДМ жүргізген зерттеу нәтижесі шықты. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігіның ресми сайты хабарлады.

Дереккөз: stan.kz
0
скат ұшақ

2015 жылы 16 маусымда Ақтау қаласының әуежайында Boeing-737 әуе кемесінде болған авиациялық оқиғаға байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мынаны хабарлайды:

2011 жылғы 18 шілдедегі ҚР Үкіметінің №828 қаулысына және ИКАО-ның халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенциясына №13 қосымшаға сәйкес, ҚР ИДМ комиссиясы Boeing-737 әуе кемесінде болған авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізді.

Комиссияның қорытындысы бойынша тіркеу нөмірі LY-FLB «Boeing – 737» «SCAT» әуекомпаниясы АҚ тиесілі ұшақтағы адам шығыны болмаған авиациялық оқиға STA 380 шпангоуты мен STA 440 шпангоуты және S-24 R и S-18 R стрингерлері арасында орналасқан алдыңғы жүк салғыштың маңайында шыққан өрттің салдарынан болған.

Ұшақтағы өрттің шығуы әуе кемесін жердегі оттегі көзінен сығымдалған оттегімен толтыру кезінде оттегі шлангасының өздігінен бүлінуіне болған.

Өрттің шығуының қосымша себептері мыналар:

Ұшақтың оттегі жүйесіндегі ашық оттегі баллонынан ұдайы келіп тұрған оттегі қысымы жағдайында ұшақтың оттегі баллоны орналасқан маңайдағы алдыңғы жүк салғыштағы әуе-шаң-тозаңды шағын дисперсті ортадағы байытылған және динамикалық кернеген оттегінің өздігінен жануы.

Тергеу барысында алынған ақпараттарды сараптау негізінде тергеу жүргізген комиссия осындай себептердің салдарынан басқа да авиациялық оқиғаларды болдырмау мақсатында ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныс әзірледі.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың 16 маусымы күні Ақтау әуежайында «SCAT» әуекомпаниясының ұшағы өртке оранған еді. Абырой болғанда борт жолаушылары сыртқа шығып үлгерген еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу