Шымкент тұрғындары Өзбекстанда болған жер сілкінісін сезді

Бүгін таңертен қазақстандық сейсмологтар Өзбекстан территориясында болып, Қазақстанның оңтүстігіне де сезілген жер сілкінісін тіркеді.

0
жер сілкінісі

9 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат таңғы 5:02-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 703 шақырым жерде Өзбекстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.1, магнитудасы – 5,1. Тереңдігі – 20 шақырым.

Шымкент қаласында 2 баллдық жер асты дүмпуі сезілді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу