Қытай елшiсi: Қазақстанның қыздары қытайлық жiгiттерге өте қызық

Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады. Журналистерге берген сұхбатында Қазақстандағы Қытай елшiсi Чжан Ханьхуэй осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды Baq.kz. Дереккөз: Baq.kz

35
Қытайлар
Көрнекі сурет

«Екі ел азаматтары некелесіп жататын жайттар кездеседі. Қазақстанның көп азаматтары Қытайға жұмыс бабымен немесе оқуға келеді де, бiздiң елiмiзде қалып қойып жатады. Қазақ мəдениетін дəріптеп жүрген адамдар бар, Қытай тұрғындары сол адамдар арқылы Қазақстанның салт-дəстүрімен, өмiрiмен таныса алады. Бұндай некелерге бiз ынтыландырамыз деп айта алмаймын, бұл табиғат заңы. Бірақ, жақсы деп ойлаймын. Бұл – біздің халықтар арасында дəстүрлі достық бар, сол достық жемісін беріп жатыр деген сөз», – дедi журналистердiң сұрағына жауап берген Қытай елшiсi.

Оның айтуынша, Қытайдан келiп, жергiлiктi қыздарға үйленiп жатқан жiгiттер аз емес.

«Мұндай жағдайлар көп. Бұл қалыпты тәжiрибе. Мен мұндай некелердi құп көремiн. Ешкiмдi ешкiм шектемейдi. Қытайлық тараптан ешқандай кедергiлер жоқ. Бiрақ, әрине, екi жақтың да ниетi болуы керек», – дейдi ол.

Журналистер елшiден қытайларды қазақстандық қыздар нелiктен қызықтыратынын да сұрады.

«Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттерді өте қызықтырады. Қазақстандық қыздар өте сұлу, нәзiк, жоғары бiлiмдi, ата-аналарын, үлкен кiсiлердi сыйлайды, отбасыларын жақсы көредi. Дәстүр жағынан келгенде бiзде ұқсастықтар көп», – дедi ол.

Айта кетсек, Қытайдың ауқатты азаматтары қазақстандық қыздарды қалыңдық еткісі келетіні туралы әңгіменің басталғанына бір аптадай болып қалды. Қытайдан күйеулер келе жатыр деп дабыл қаққан ел әлеуметтік желілерде сан түрлі пікір жазып, шулап жатыр. Оған жақында ғана Астанадағы некелестіру агенттіктерінің бірі интернетте жариялаған жаңа жобасы себеп болған. Онда қалталы қытайлықтардың Қазақстанның қыздарына үйленгісі келетіні айтылады. Бұл ақпар тарай бастаған кездің өзінде 10-нан астам қыз-келіншек агенттікке барып, өтініш білдірген.

Ал кеше Астананың бір топ белсендісі Қытайдан келетін күйеу балалар мен қазақ қыздарының некеге тұруына қарсылық білдіріп, наразылық акциясын өткізді. Олар Қытай жігіттеріне тұрмысқа шығуға қарсы емес, қайта агенттікке келіп ұсыныс білдірген қазақ қыздарын азаматтығынан айыруды талап еткен болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

35 пікір

  1. Мына қытайлар енді қазақ қыздарына үйленбекші ма? 500.000. Доллар салық төлеп алсын ол ққыздарды үкімет тегін оқытып ата-анасы солар үшін қосымша қаржы алған үкіметтен. Батпан құйрық, айдалада жатқан құйрықты содан кейін көреді қытайлар жалпы шетелдіктердің қай-қайсы болса да.

    • Сонда қазақ қызын сатайық дегіңіз келгені ме? Қытай соғыссыз жаулайды деген осы емес пе?!

  2. Акымак оз елін санын кобитудін орнына баска елге барып солардың кушіктерін сандарын кобиткен акымак казах қыздары шше Оларға мынандай зан қолдану керек казахстан азаматыгынан ваше шығарып жер аидап жіберу керек тобеде откан кокелеріме аитар кенесім бірақ олар мен созім тындамаиды го оларга калтасын ақшаға толтырса болт казахтын намысы оиландырмаит

    • Ия тап солай қарындары мен қалтасын толтырса жетеді оларға бəрібір

  3. Қазақ қыздары ұлтымыздың намысын жаттың қолына бермеңдер!Сонда қазақ қыздары қытайдың санын кобейтпекпе ?Қаракөз қарындастарым ойланыңдар.

  4. Мен қытайдан келген қазақпын..қытай ұлтының табиғатын өте жақсы былемын..қытай бетыңе кулып арқаңнан сипап дегеныне жететын ұлт.олардың бұрынғы соғыс тарихында жерге ие болу ушін арнайы жас қыздар өсіреді ..олар сондай сулу көздің жауын алатындай əрі былымды əрі ақылды болады.сол қыздарды сауғаға беретін елін жерін солай сақтаған бұл қытай тарихында көп..қазақша қосақ шыншыр айласы деп аударады..бір турлі астар бар десем артық емес..олар неге басқа ұлт қызына қызықпайды..неге орысқа емес..былсеңіз орыс қыздарыда керемет..олар сондай ұлтшыл қаншыл жершыл..қазыр саны көбейгены сонша симай қалды..солар қазақтың қызын суйып алмайды..қызыққа деп ашық айтыпты ғой..быр қытай келсе артынан 100 ы келеды..есы дурыс қазақ қызы байсыз журседе тимеңдер ..оданда қурылста істеген..арбакеш болсада қазаққа уйленсын..қытай қазақ қызын жар қылып қадырлемейды.қытайдағы быр əлеуметтык желіде қазақ қыз тиген быр қытайға бай деп..інісі екеуі кезек мал сияқты қатын қылған .өзің тиген куйеуіңе емес..100 саған артылады.əлеуметтык желіде қыз өз өмір тарихін жахған.жан туршігерлік.оның устіне .аз ұлттар қоныстанған райондағы қытайлар адамшылығы бар турлеріде адемілеу…ал мына сіздерге куйеу болуға келе жатқандар таза нағыз арам қытайлар.бұлар өз ішінен бөлінеді..ішкі район мен сыртқы район деп бөлінеді.сыртқы район қытайы ішкі райондағылармен жынысын қоспайды .сасық арам.дейды..қытайдың өзі қашқан қытайға қатын болса ақшаға қызығып жаңағы қазақ қызынің көргенін көреді.қутыла алмай қаласың..осы сөзім қазақ қыздарына сабақ .олар жаман сасық болсада өз қыздарын қадырлейды..өздерінде қыз жоқ дейсыңбе..жетерлік..орыс жеңетай орыс қызын таныстырсын.қазақ қыздары бармаса екен.

  5. Түркиядағы Рейсей елшісі сияқты қылып қожиту керек мынаны. Ішіндегі арамдықты жасыру үшін тым әдемі сөйлеп

  6. Баяғыда ел жұртты масқаралаған адамды есекке теріс мінгізіп барлық ел жұрт бетіне түкірген агенттікке танысам деген қыздарды тыржалаңаштап есекке теріс мінгізіп ел жұрт болып түкіру керек

  7. Жас кезімде түріктің жігіттері сөз салғанда жұрттың бәрі қолын шошайтып көрсетіндей болып көрініп елімді жерімді ата анамды сатып сатқын сияқты көрініп еді сөйтіп беттерін қайтарып едім мынау не? тіпті де мұсылман емес Сорлы ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ АТТАЙ ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІНЕ ЕШКІМ ЖЕТПЕЙДІ

  8. менде қазақ қыздарын қытайлықтар түгүл өзге ұлт өкілдеріне қимаймын. Қарындастарыммен әпкелеріме айтарым біздіңде қазақтарда тепсе темір үзетін жігіттер көп! әрине қытайлықтар қарындастарымызды ақшамен өз тізгініне тізгіндеп алған. бірақта қытайлықтардың бәрі миллионер, миллиордер емес. агенттіктегі кісілерге толық тексеру өткізу керек, олардың басшыларының өзі шындығында қазақ емес. егер қазақ болса өз қарындастары мен әпкелерін қияды ма қысық көздерге! ойланайық!!! қытайдың ип ман деген фильмінде ағылшындықтардан құтқару үшін күреседі ғо сол сияқты бізге де сондай ИП МАН керек сияқты!

  9. Сол кыздарга өзымыздын казак жигиттеры такияларына тар болып жатыр ма?Казак кызынын,казак салтына сай келмейтын дуние гой бул .Намысы бар казак кызы ондайга бармайды деп сенейк

  10. Ассалаумағалайкум алеумет! Бул не деген бассыздык!!! Олар мал сатып алып кетуге келген адамдар уксап биздин Қазақстан кыздарын шеттеринен таңдап журип сатып алып кетпекши, бұл не деген масқара! Биздин кыздар оларға мал емес сатып алып кете беретиндей! Казир кызынды алса ертен жеримизди алатын болады! Оу жоғарыдагы кокелер сендерди не ушин сайлап отыргыздык сол жерге, осылай қытайлыктарга мазак кылдырып отырсын дедикпе?! Жоқ әлде биздин елдин кыздарын сол арзымайтын тиынға сатылып кете беретиндей бейшарама едик? Аллага шукирлер болсын қытайлардың қолы жетпей жүрген нәрселерге биздин қолымыз жетип жүр! Жарнама агенттиги сендерден бастау керек жаза

  11. Ассалаумағалайкум алеумет! Уа халқым осы уакытка дейн елимизде неше сан турли сұмдық болған болса,мұнысы енди олардан асып тусти! Биздин кыздар олар ушин малма сонда сатып алып кете беретиндей?! Мен Қазақстан Республикасының Азаматы ретинде бұл бассыздыкка карсымын! Жағдай ушыкпай тұрғанда бұл маселени тездетип шешулеринизди сұраймыз! Оларға тек бир гана жол бар,олардың биздин елимизге аяқ аттап баспаулары тиіс!!! Бұл жағдайға жоғарыдагылар бейқам отыргандарын каламаймыз!!!

  12. Ақымақ болмаңдар намысты қолдан бермеңдер қазақ қыздары және қазақ жігіттері. жиеркенішті өздері қазақтарды былғап бітетін болды осы шетелдіктер.

  13. Қазақтың есті қыздары қытайға бір ақымақ айтты екен деп тұрмысқа шыға салмайды деп ойлаймын көкірегінде қазақпын деп соққан қазақ қызы бұндайға бармас бұл намысқа тиіу ғой тарихымызға қараңдар қарындастар қалай ел болып егемендік алдық осыны ойлаңыздар

  14. Агентикті өртеп жібреру керек намысы барлар Əн ұранымызға сай болу керек намысын бермеген дегендей.

  15. Масқара, еліміз не болмақ. Қыздар ойланындар. Ал турмысқа шықса азаматтық құқықтан айыру керек

  16. Масқара, еліміз не болмақ. Қыздар ойланындар. Ал турмысқа шықса азаматтық құқықтан айыру керек

  17. Қыздар, ақылдарың болса тіпті жоламаңдар. Қытайлардың құлы боласыңдыр, оларға тиген соң қытайдың күшігін көбейтіп, өзімізге қарсы ырылдайтын жау болады,себебі қаны бөлек. Аулақ ұстаңдар, байсыз қалсаңдар да. Мында бір саясат ба., тегін емес. Жерімізді ақырындап сатып алып қойған, оны біз білсек те қасқырдан үріккен қой құсап отырмыз. Жер кетті, қыз кетті, енді болашақ ұрпағымызға не мұра етміз. Қасықтай ақылдарың болса ойланыңдар.Ата-бабамыздың осы ел үшін, жер үшін төгілген қанын, қасиеттерін аяққа таптамаңдар. Менің жүрегім ауырп отыр. Астана телеранасындағы орыс ұлтты ЖЕҢГЕТАЙЫМЫЗ өз қыздарын ұсынсын. 20 қыз өтініш білдірді дейді, соның түгел бәрі қазақ па екен, білгім келіп отыр. Егер де Қазақстаннан бақыт күйеу таппай, бақытсыз сезініп жүрген қаракөздеріміз, басқа ұлтпен бас қосып, бақыт табар деп ойламаймын. Керісіншее.. Менің бір танысым бар, сол қыз кәріс ұлтты жігітке куйеуге шықты, одан ұл тапты, атын Әлихан деп қойыпт, түрі аумаған кәріс.Бірақ ол Кәріс елінің азаматтығын алған жоқ, әке-шешесінің қолында. Күйеужігіт Алматы қаласынан үй алып беремін деп уәде етіпті. Балаға жаным ашиды.Не туыс жоқ, қандай салт-дәстүрді ұстанады. Айтқым келгені, өз қарабастарыңды ойласаңдар біржола Қытай еліне кетіңдер,, Қазақстанға жолаушы болмаңдар.Ал егер Қазақ Ұлтының жанашыры болсаңдар, тып-тыныш “Отырған қыз, орнын табады” деген мақалға сүйеніп көріңдер.

  18. Үкімет басындағылар қайда қарап отыр екен. Түсінсем нағыл дейсіңдер. Н.Ә.Назарбаевқа ұсынысымызды жеткізіңіздерші. Біздің даусымызды, жанайқайымызды естісін. Мынандай пәленің көзін жойсын

  19. Осындай іспен айналысып жүрген агенттіктердің бұндай сорақы әрекетіне тосқауыл қойылу керек. Құлқынын ойлап, ертеңгі күнін ойламай отырғандардың қандай ұлт екенін білуге бола ма? Қазақ па жоқ басқа ұлт өкілдері ме? Бұлар “после меня хоть потоп” деген оймен отырғандар болу керек шамасы.

  20. 50000доллар бізге көп болғанмен қытайдың байларына күндік кірісі негізі олардың мақсаты қыз алу емес қазақстанға кірудің жолын қарастырып отыр, ол қытайлар қазақ жеріне келсе кетпейді ,бұл жерде анық болыптұрған ой қытайларды қазақстанға шақыру қойынна қазақ қыздарды салып беру деген сөз бұған биліктің көзі жетеді

  21. бір халықты құртыу үшін алдымен қызын мақтаиды жаулаушылар олар өз қызарын жаман демеиді ешқашан әдеиы ұлтты аздырп тоздыру саиасаты аз қана қазақты бұған жол берсек құрығанымыз

  22. Мен өз қандас бауырларыма сіңілдеріме қыздарыма айтарым есін кетпей тұрғанда есіңді жина қазақ қызы сенде бір түйір намыс болса өзіңді тоқтап қытайға куйеуге шыққың келсе қытайға кет қайтіп қазақ жерін көруші болма

  23. “Дәстүрімізде ұқсастық бар” дейді, сонда қандай ұқсастық? “Біздің халықтар арасында дəстүрлі достық бар” дегені ше? “Сол достық жемісін беріп жатыр” деп қойды, әр қазақтың намысына тиерлік сөз ғой бұл. Бұндай достықтан садақа кеткір қарақытайлар.

    • Қазақстанның қазақ қыздары ойланыңыздаршы!!!!! онсызда кеше ғана жеріміз үшін дау дамай шықты, енді сіздер яғни қазақ қыздары қытай жігіттеріне тұрмысқа шығатын болса, онда бұл масқарағой. Қытайдың ойында не бар екенін бәріміз білеміз. Қазақстанды ойласаңыздар, бұл әрекетке жол бермеңіздер. Қазақстанның қазақ жігіттеріне тұрмысқа шығып, қазақтардың санын көбейтіңіздер!!!! Қазақстанның қазақ жігіттері Қытай жігіттерінен кем болғаны ма?Қытайдың қалталы жігітіне шығам деп, байқаңыздар қытайға құл болып жүрмеңіздерші.

  24. Негізі алдында жерімізді бір аламыз деп шыгып еди енди тынышталганда кыздарга коз салып журме,халык болып колга алу керек бул исти

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!