Қанат Ислам

Бұл туралы «Nelsons Promotion» промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ісмағамбетов хабарлаған.

«Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 17-ақпан күні Нью-Джерси штатындағы Ньюарка қаласында өткізеді. Рой Джонстың қатысуымен өтетін бокс кешінде Ислам 10 раундтық жекпе-жек өткізеді. Бірақ, бұл кеште Қанат чемпиондық атағын қорғамайды. Отандасымыз чемпиондық атағын тек Қазақстанда қорғаймын деп отыр. Қарсыласының кім болатынын алдағы уақытта хабарлаймыз. Қанат Ислам қазір АҚШ-та. Нельсон Лопездің қол астында жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті» – дейді Ісмағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін америкалық басылымдарда Қанат Исламның келесі кездесуін Сауль Альвареспен өткізуі мүмкін деген қауесет шыққан еді. Бірақ мұндай ақпаратты ресейлік бокс маманы Александр Беленький өтірік деп айтса, ал оның әріптесі Григорий Стангрит аталған жекпе-жектің өтуі мүмкін екенін мәлім еткен болатын.

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ганалық Патрик Аллотейден басым түскен еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!