аяз ауа райы

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болады. Тек республиканың батыс аймақтарында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кейбір аудандарында – тұман, көктайғақ.

Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей елді мекендерін тұман басады.

Павлодар облысында бұрқасындатып, түнде жел тұрады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы өңірінде жел соғып, Жалаңашкөл ауданында екпіні 22-27 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, оңтүстік-батысында 30 м/с дейін күшейеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!