Түркіменстанда әйелдерге темекіні анықтамамен сатады

Түркіменстанның батысындағы Түркіменбашы қаласында әйелдерге темекі сатып алу үшін шылымға әуестігі туралы медициналық анықтама көрсету керек. Елдің басқа да облыстары мен астанада әйелдерге темекі мүлде сатылмайды, деп жазады centralasian.org

Дереккөз: centralasian.org
0
шылым, темекі

Түркіменбашыдағы мемлекеттік дүкендердің талабы бойынша, темекі сатып алғысы келетін әйелдер биыл қаңтардан бастап жергілікті наркологиялық клиникадан шылымға әуестігі туралы есепте тұрғанын айғақтайтын анықтама көрсетуі керек. Хабарларға қарағанда, наркологиялық диспансер алдына күнде 300-350 әйел кезекке тұрады. Олар анықтама алу үшін мекеме ғимаратына түнде келіп кезекке тіркелуге мәжбүр.

Түркіменстан билігі әйелдерге темеке сатуға шектеу енгізген. 2016 жылы елде темеке бірнеше мәрте сатылмай қалды. Дүкендерге темекі түскен уақытта, сауда нүктелері алдында ұзыннан-ұзақ кезек пайда болады.

Түркіменстанда темекі саудасы мемлекеттің бақылауында. Темекі тауарлары тек қана мемлекеттік дүкендерде сатылады. «Қара базарда» темекі жасырын түрде сатылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Түркіменстан әлемде темекі шегуден ең соңғы орында тұр. Мұнда халықтың 8 пайызы ғана темекі шегеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу