Қазақстан мемлекет меншігіндегі нысандарды сатуға қойды

Жекешелендірудің мақсаты – теңгенің девальвациясынан кейін және мұнай, металл бағасының түсуінен кейін бюджетті толтыру. Дереккөз: centralasian.org

1
астана әуежай

Қазақстан үкіметі 2015 жылдың 30 желтоқсанында жекешелендіруге жататын компаниялардың тізімін нақтылады. Олардың ішінде «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазпошта», «Эйр Астана», «Qazaq Air» және «Қазақтелеком» ұлттық компаниялары бар. Сонымен бірге тізімге Ақтау халықаралық теңіз порты және «ҚазАгро» холдингі, KEGOC, «Қорғас», ҚТЖ, Қазкосмос пен Астана, Қостанай, Петропавл және Қызылорда т.б. компаниялары кірген.

Үкімет қаулысы 6 қаңтарда ұлттық экономика министрлігінің сайтында жарияланды.

Сатуға қойған кәсіпорындардың ішінде «СК-Фармация» ЖШС, «Самұрық-Энергия», «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниялары мен ІІМ-нің бірқатар демалыс орны, Қазақфильм киностудиясы, «Бөбек» сауықтыру орталығы мен «Думан» ойын-сауық кешені бар.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Неге тек стратегиялық маңызы бар, ҚР-негізгі бюджет көздерін жекешелендіруге беріп жатыр. Бұл объектілер жекешеленіп кетсе, одан түскен қаражатты 2-3 жыл қолланып, кейін бүкіл Қазақстандықтар жекеменшік иелерінің айдауында болады.
    KEGOC, ҚазМұнайГаз, КТЖ, Қазақтелеком, Казпочта, Ақтау порты т.б. лары сонау Кеңес одағынан қалған объектілерге тегіннен тегін иеленіп, халықтан алып қойып енді қайдағы жоқ біреулерге сату дұрыс емес. Бұл мәселені шешу үшін бүкіл Қазақстандық Референдум өткізіп соның нәтижесінде ғана шешім қабылдау керек. Себебі әр бір Қазақстандық азаматтарына тиеселі. Оншақты шенеунік уақытша билік басында отырып, елдің бар байлығын сатуға шешім қабылдауға қандай ақысы бар. Басқара алмаса орнын босату керек, оған сеніп тапсырған мүліктерді сатудың орнына. Жай ғана темір жол құрылысын басынан бастап салуға қанша қаражат пен уақыт кетеді. Ал нарыққа шығарғанда оның құны көк тиын болады. Оданда қолынан басқару келмейтін Үкіметті босату керек.

Пікір қосу