Универсиада кезінде Алматыда бірнеше сауда орны жабылады

29 қаңтар және 8 ақпан күні Алматы қаласында 9 сауда нысаны жабық болады. Бұл уақыт аралығы Қысқы Универсиада өткізілетін күндермен сәйкес келеді. Ал Алматы әкімдігінің түсіндіруінше, орындардың жабылуы санитарлық тексеруге байланысты.

Дереккөз: 7kun.kz
0
Супермаркет
Көрнекі сурет

«Жабылатын нысандар қатарында «Магнум» гипермаркеті (Ақбұлак, 273), «Алтын Орда»,  «Барлық»,  «Құрдас-7», «Жібек жолы», «Жұлдыз», «Барыс-4» базарлары және «Кар Сити» сауда орталығы, „Арзан“ гипермаркеті бар», —  делінген Алматы әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Алматы қаласында 46 сауда базары жұмыс істейді. Оның төртеуі арнайы сауда нысаны болса, 16-сы әмбебап, 26-сы азық-түліктік емес базарлар. Қала базарларында 25 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу