Жолсызбен жүретін жаңа туынды “Ящер” (кесіртке) деп аталады. Құрастырушылардың айтуынша, көлік қар, лай жерлерде және түз далада жүруге арналған.

“Біздің компания мұнайгаз құбырларын қадағалаумен айналысады, ал мұндайда неше түрлісі болады, мұнай да төгілуі мүмкін. Осындай жағдайларда әдеттегі көліктің өтуі қиын жерлерге де аттану керек болады. Бұл үшін арнайы техника қажет. Біз түрлі техника қарап көрдік, бірақ тым қымбат болды. Ал біздің көлік 5,5 миллион теңгеге түсті”, – дейді Максим Давыдов.

“Ящерді” құрастырған кезде қосалқы саймандар ретінде ресейлік көлік құрастырушылардың өнімдері пайдаланылған. Көлік қозғалтқышының көлемі 1,5 литр.

"Ящер" көлігі

Көлікті жасап шығуға тоғыз ай кеткен. Алғашында бұл жобамен төрт адам айналысқан. Олар көлік қаңқасын жертөледе жинап, бекіткен.

Құрастырушылар туындылары ойдағыдан артық болып шыққанын айтады. “Біздің қазір құрағанымыз, ойымыздағы көліктен артық болып шықты. Әрине, кемшіліктер бар. Мәселен, қиғашынан орналасу керек болған қозғалтқыштың ұзыннан жатуы, беріліс қорабы жетілдірілмеді. Бірақ жалпылай іс бітті деген ойдамын”, – дейді Давыдов.

Қазір құрастырушылар жол өтімі “Ящерден” артық болатын екінші көлік жасауға кіріспек.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!