Әлемдік мұнай бағасы соңғы 11 жылда ең төменгі деңгейге жетті

Қор биржасына және шикізат нарығына Солтүстік Корея жаңалығы қосымша әсер етіп жатыр. Корея сутек бомбасын сәтті сынадық деп мәлімдеген кезде, сәрсенбі күні мұнай бағасы соңғы 11 жылда болмаған деңгейге құлдырады. Дереккөз: centralasian.org

0
Brent маркалы мұнай бағасы

Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 35 доллар 7 центті құрады. Бұл 2004 жылдың шілде айынан бергі ең төменгі көрсеткіш болды.

АҚШ-та өндірілетін мұнай бағасы 88 центке түсіп, баррелі үшін 35 доллар 9 цент болды. АҚШ-тың қатпарлы мұнайы әлемдік нарықты толтырғаннан кейін, 2014 жылдың маусым айында мұнай бағасы 115 доллардан бірден түсті.

Араб әлемінде орын алып жатқан наразылықтар да, Сауд Арабия шиитердің рухани көсеміне өлім жазасын кескеннен кейін, мұнай бағасы тағы да 8 пайызға төмен түсті.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Сауд Арабия мен Иран арасындағы кикілжіңнің өршуі мұнайды экспорттайтын негізгі елдердің мұнай өнімін қысқарту жөніндегі өзара келіссөздердің мүмкін еместігін көрсетеді.

Қытай мен Үндістанның экономикалық өсімінің бәсеңсуі де өзге елдерге қауіп туғызып отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!