“Медеу” мұз айдынына “Оңаймен” кіруге болады

Енді конькимен сырғанақ тебудің әуесқойлары «ОҢАЙ» карталарын «Медеу» мұз айдынына кірудің төлемін тіркеу үшін турникеттің өзінде қолдана алады.

Дереккөз: Shyn.kz
0
Оңай, Медеу

Мұз айдынына кіру билеттерінің құны өзгерген жоқ: Бірыңғай көлік картасымен – 1800 теңге, Студенттің көлік картасына «Жастар» тарифі қолданылады (13 пен 23 жас аралығы) – 800 теңге, Оқушының көлік картасына «Балаларға арналған» тариф қолданылады (7 пен 12 жас аралығы) – 400 теңге.

Мұз айдынына кірер алдында бақылаушы жасын тексеру үшін жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлік, жүргізуші құжаты немесе төлқұжатын) немесе жеңілдікпен жол жүруді растайтын басқа да құжатын тексеру үшін сұрауға құқылы.

Медеуге кіру үшін «ОҢАЙ» картасының қолданушылары кассаға бармай-ақ, бірден «ОҢАЙ» белгісі бар турникетке келіп, карталарын санағыш құрылғыға  жақындату керек.

«Медеу» мұз айдыны» – Алматы қаласының визит карточкасына айналған және қала тұрғындарының қыс мезгіліндегі бос уақыттарын өткізетін сүйікті орындарының бірі. Біз үшін әрбір қолданушыға қолайлы жағдай жасау маңызды, сондықтан да біз заман талабына сай жүруге тырысамыз. Картамен кіру – төлемді тіркеудің ең ыңғайлы және оңай тәсілі болып табылады және бұны қолданушылар лайықты бағалайды деп сенеміз», – деп атап өтті  «Медеу» мұз айдынының басқарушы директоры Бакытжан Кенжегалиев.

Өз кезегінде «ОңайPay» ЖШС директоры Александр Зайкин электронды билеттендіру жүйесінің ары қарайғы даму қарқыны туралы айтып өтті.

«ОҢАЙ» жүйесі жоспарлы түрде дамып келеді. Біз бүгінгі таңда біздің картамыз арқылы тек қоғамдық көліктер мен метрода ғана жүріп қоймай, Медеуге кіру сияқты көліктік емес қызметтерге де төлем жасау мүмкінді жасалғанына қуаныштымыз. Біз ары қарай да алматылықтар үшін және оңтүстік астанамыздың қонақтары үшін оңай және ынтымақтасқан төлем тәсілдерін ұсына отырып,  «ОҢАЙ» картасының төлем тіркелімі мүмкіндіктерін белсенді  түрде ары қарай да дамытуды жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу