Ата-аналар мектептегі жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан босатылады

Биылғы жылдан бастап Бiлiм және ғылым министрлiгi «Ата-ана сағаты» ұлттық күнiн өткiзудi қолға алмақшы. Осыған орай министрлiк барлық жұмыс берушiлердi қызметкерлерiн ата-аналар жиналысына қатысу үшiн ертерек босатуды сұрайтын болады. Дереккөз: Егемен Қазақстан

10
Ата-ана мектеп оқушы

«Ата-ананың бала тәрбиесiндегi рөлi төмендеп кеттi деген пiкiрмен келiсемiз. Ата-аналар жиналыстарға бармайды. Ата-аналардың 40 пайызына дейiн 11 жылда мүлде мектепке бармайды. Бiз барлық мемлекеттiк органдар, компаниялар, жеке секторды ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрайтын боламыз. Оларға осы бiр-екi күнде ата-аналар жиналысына қатысуына мүмкiндiк беру керек», — дедi министр Ерлан Сағадиев бүгiн жастар мәселесi қаралған Үкiмет отырысында.

Бұған дейiн министр Сағадиев қызметкерлердi жұмыстан уақытында босату мәселесiн көтерген болатын. Өйткенi, оның айтуынша, қазiргi уақытта жұмысбасты ата-аналар бала тәрбиесiне дұрыс көңiл бөлмейдi.

«Жұмыс берушi қызметкерлердi уақытында, сағат алтыдан кейiн ата-аналарды үйге жiберсе, дұрыс болады деп есептеймiз. Мұндай тәжiрибе қажет. Ата-аналардың жұмыста кешiгуiнiң әлеуметтiк бағасы жоғары», — дедi министр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

10 пікір

  1. Сонда мектеп, сынып жетекші жиналысты кешкі 6-дан кейін жасау керек па? Қалай сонда? Басқа жерде жасаған ата-аналардың құқығы қорғалса, мектепте жұмыс жасайтын мұғалім де ата-ана. Олардың құқығын кім қорғамақ? Мектепте ең соңғы 6-шы сабақ 17.35-те бітеді? Мектептегі мұғалім ата-аналар қалай кешкі 6-да босайды екен? Қызық.

  2. менің үш балам бар үшеуі де мектепке барады мен бірде бір мектеп жиналысын үзбедім бірақ баратын ата ана барады бармайтыны бармайды баласын ойлайтын ата ана уақыт тауып бару керек қандай қызметте болса да

  3. менің үш балам бар үшеуі де мектепке барады мен бірде бір мектеп жиналысын үзбедім бірақ баратын ата ана барады бармайтыны бармайды баласын ойлайтын ата ана уақыт тауып бару керек қандай қызметте болса да

  4. Бұл еңгізіліп жатқан жаңалық дұрыс деп ойлаймын.Мен сынып жетекшімін 10 сыныпқа.Ата-ананы жинау өте қиын.Жұмыстан жібермейді деген сылтауды көп айтады.

  5. жумысын битпесе 4 те босатса да бара алмайтын жумыстар бар. Министрдин айтканы бос соз

  6. Кейбір ата-аналар , жиналысқа барамын деп, жұмыстан өтірік сұранып кетіп жүрмесін. Баласының біліміне алаңдайтын ата-ана қандай жағдай болса да келеді. Келгісі келмейтіндер жиналыс деп сұранып, басқа жаққа кетеді. Ата-аналардың ішінде үйде , қолы бос ата-аналар да бар, бірақ жиналысқа келмейді

  7. Ата -ана өз баласы үшін уақыт таба алады. Уйде жұмыссыз отыратын ата-аналарда мүлдем жиналысқа келмейді, бала тәрбиесінің барін мектепке артып қойған.Бүгінгі бала тәрбиесінде жіберілген қателік ертең еліміздің болашағына төнген үлкен қауіп екенін әрбір адам есте сақтаса екен.

Пікір қосу