Астанада селфиге арналған саябақтар ашылады

Елордада қаланы көгалдандырудың жаңа бағыты — селфи-саябақтар ашылады. Дереккөз: krisha.kz

0
Селфи
Сурет ©Ақ Жайық

Бірінші және ең ірі саябақ Жеңіс даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысында болады. Оның көлемі  — 3 мың шаршы метрден астам. Дәл осындай саябақ Сарыарқа даңғылында да орын тебеді.

Жобаның тақырыбы — музыка. Астананың табиғи ресурстар басқармасының сараптамасынан өткен құжатта сельфиге музыкалық аспаптар арналатыны көрсетілген. Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасынан жуырда ғана  сараптамадан өткен құжаттамада селфи үшін контрабас, рояль және тағы басқа да  аспаптар қарастырылған.

Үшінші саябақ Молдағұлова көшесі бойында Жеңіс даңғылы мен Потанин көшесі арасындағы учаскеде ашылады. Ол  кішкентай балалардың демалысына арналмақ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!