10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 10 қаңтар күні, еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек солтүстік және батыс аймактарда атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты күн райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел тұрады, деп хабарлайды Baq.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Дереккөз: BAQ.kz

0
Қыс мезгілі
Сурет @voxpopuli.kz

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының жекелеген аймақтарында – тұман, көктайғақ.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген бөліктерінде аздап боран соғып, тұман түсуі ықтимал, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында қар борап, тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында аздап боран соғып, тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басуы ықтимал, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейеді. Маңғыстау облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы күндіз 15-20 м/с дейін артады.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу