Қалай аз жұмыс істеп, көп іс тындыруға болады?

Күні бойы уақытыңызды кеңседе өткізгеннен гөрі 4,5 сағатта әлдеқайда өнімді жұмыс істеуге болатынына сенесіз бе? Бүгін біз lifehacker.ru порталына сұхбат берген жазушы, жиһанкез Елена Прокопецтің алты пайдалы кеңесін ұсынамыз.

Кеше мен екі шекараны басып өтіп, клиенттеріммен бірге үш жобамды аяқтап, жаңа ауқымды жобаға келісімге отырдым, соңыра жолдасыммен бірге кешкі ас іштім.

Мен аптасына 25 сағат жұмыс істеп, күніне сегіз сағат ұйықтаймын, кесте құрмаймын. Алайда мен де осыған дейін аптасына 60 сағатымды кеңседе өткізетінмін.

Менің өзгелерден ерекшелентін дара қасиеттерім жоқтың қасы. Жоғарыда айтылғандардың барлығы кез келген адамның қолынан келетін іс.

Сіздерге айтар кеңес, лайфхактар қарапайым болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, оларды қолдана бастасаңыз шынымен де аз жұмыс істеп, көп өнімді іс тындыра аласыз.

1. Зейгарник әсерін пайдаланыңыз

Мида әрдайым бітпеген істі еске салып, уайым сезімін тудырып тұратын функция бар. Мұны “Зейгарник әсері” деп атайды және ол сіздің ісіңізді аяқтауға, нәтижеге қол жеткізуіңізге үлкен көмек береді.

Бітіруіңіз тиіс Жұмысыңыз сізге ұнаса да, ұнамаса да, оған қарай кішккентай ғана қадам жасаңыз.

Шығармашылық тоқырауға ұшырап, не жазарыңызды білмей отырсыз ба? Қолыңызға қағаз, қалам алып өзіңізге ұнаған кез келген дүниені жаза беріңіз. Үйлену тойыңызды жоспарлау керек пе? Той гүл шоғының қандай болатындығын таңдаудан бастаңыз. Компанияның маркетингтік саясатын жасап шығу қажет пе? Бастапқы екі-үш идеяңызды қағазға түсіріңіз.

Нәтижесінде 99%-ға сіз өз жұмысыңызды аяқтауға кірісіп кетесіз.

2. Жобаларды басқаруға арналған құралдарды пайдаланыңыз (бұл тек жұмысқа ғана қатысты емес)

Біздің миымызға ауыр жұмыстар ұнамайды. Мысалы “ай сайынғы маркетингтік кампанияы ойлап табу” деген тапсырма болса, ми бірден оны орындаудан бас тартып, оңай, үйреншікті жұмыстарға қарай ығыса бастайды.

Сол себепті де үлкен жұмысты бірнеше, аз көлемді бөліктерге бөліп тастаған жөн.

Төменде жобаны басқаруға арналған бірнеше құралдар бар. Сіз өз өміріңіз үшін маңызды қадамды басуға жүрексінбейсіз ғой, рас емес пе?

Қазіргі уақыта жобаларды басқаруға арналған тегін, ақылы интернет құралдары бар. Өзіме ерекше ұнайтыны – Casual.

Бұл құрал арқылы ойыңызға келген ақпаратты өзара байланысты сызықтар арқылы сұлбалап шығуыңызға болады. Ол есте сақтауға және жүйелілік үшін өте қолайлы. Идеяларыңыз заттанған кезде оны жүзеге асырудың мүмкіншіліктері арта түседі. Осы құрал арқылы сіз бітіру керек жұмыстарыңызды карта ретінде құрастыра аласыз.

Мысалы мынадай жобаны сызуға болады:

Casual

Неліктен мұндай әдістер маған көмектеседі (бәлкім бұл сіздің де кәдеңізге жарауы мүмкін)

  1. Бір істен кейін нені бітіру керектігі жайлы біліп отырасыз. Сондықтан оларды аттап кетуге немесе кері шегінуге жолдарды жабасыз.
  2. Сізде барлық мақсаттарыңыздың анық көрінісі сұлбаланады.
  3. Тұтастай бір жобаны құрастырып шығу сурет салғандай оңай (менің бұрынғы әдісім) алайда жоспар құру әлдеқайда нәтижелі.
  4. Егер сіз командамен жұмыс істейтін болсаңыз, не нәрсенің жасалып біткенін, ненің процесс үстінде екендігін білетін боласыз. Бұл сіздің қателікті аз жасап, дедлайндарды өткізіп алмауыңызға жәрдемдеседі.

Маған ұнаған өзге де пайдалы құралдар тізбегі: Basecamp, Podio, Trello және Microsoft Project.

3. Әдеттеріңізді өзгертіңіз

Қазіргі уақытта интернеттен жұмысыңызды қалай өнімді жасауға болатындығы туралы өте мол ақыл-кеңес табуға болады. Алайда мұны қолданып жатқандар көп пе? Бұл тығырыққа менде тірелгенмін.

Әрқайсымызда жеңуі қиын әдеттеріміз бар. Алайда оның шешімін Чарльз Дахигтің “Әдеттердің күші” (Сила привычки) кітабынан табуға болады. Қысқаша айтар болсам, автор үш компонентті атап өтеді: қоздырғыш, үйреншікті және марапат (үйреншікті әдетті орындағаныңыз үшін алатын сыртқы және ішкі марапат).

Сізге айтар жағымсыз жаңалығым – қоздырғышқа ешқандай әсер ете алмайсыз. Жағымды жаңалық  — үйреншікті әдеттерді өзгертуге болады.

Менің жасайтын пайдасыз істерім де жетерлік. Күнде таңертең әлеуметтік желілерге посттар жазамын және содан өзімді кінәлі сезінемін. Пост жазып, бөліскенде тұрған ештеңе жоқ. Бірақ қазіргі кезде уақытты зая кетіру осыдан басталады.

Шешімі – желіде, медиада не жазу керектігін алдын-ала түнде жоспарлап қою керек. Ғаламторды пайдаланудың нақты уақытын белгілеп, оны күнделікті әдетке айналдырған жөн. Мұндай тәсілді әрбір жағымсыз әдеттеріңізге пайдаланып көріңіз.

Әрдайым пайдасыз әдеттен қашқан уақытта өзіңізді жағымды дүниелермен марапаттап отырыңыз. Күні бойы әлеуметтік желіде уақытыңызды текке құртудан, ақшаңызды бейберекет шашудан, тәттілерді шамадан тыс жеуден тыйылған кезіңізде өз-өзіңізді марапаттап отырыңыз.

Жаңа, пайдалы әдет қалыптасу үшін оны 21 күн бойы қайталап отыру керек. Мысалы, 21 күн бойы сағат 6-да тұратын болсаңыз, алдағы уақытта бұл үйреншікті әдетке айналады.

4. 90 минут ережесін қолданыңыз

Уақыт

50 жыл бұрын Натаниэл Клейтман (Nathaniel Kleitman) күні бойына адам денесі 90 минут сайын белсенділігін төмендетіп отыратындығын анықтаған. Бұл феномен ультрадианды ырғақ ретінде де белгілі. Қарапайым тілмен айтсақ, біз 90 минут аралығында ғана белсенді бола аламыз.

90 минут өтіп кетсе не болады? Біз қосымша қуат көздерін іздей бастаймыз: кофеин, тәтті-дәмділер немесе т.б. Бұл уақытта біз зейінімізді жоғалтып, тұнық ойлаудан алыстап, жинақтала алмаймыз.

Менің кешегі күнім былай өтті: Әуежайға барып, кофеханада ұшуға дейін 90 минут жұмыс істедім (ол жерде Wi-Fi болмады), ұшақта фильм көріп, кейін Швейцариядан Францияға дейін жүрген пойыз ішінде жұмысыма қайта оралдым. Үйге оралғанымда келіп түскен хаттарды тексеріп, тағы 90 минут бойы жұмыс істедім.

Нәтижесінде тек 4,5 сағат ішінде үлкен істерді тындыра алдым. Бұрын мұндай жұмысқа 8 сағаттық жұмыс күнімді арнайтынмын.

5. Маңызды тапсырмаларды деңгей бойынша орналастырыңыз

Пентагон басышысының бірі осы кеңесті егжей-тегжейлі түсіндіріп береді:

Мен алдымен маңызды істердің тізімін құрамын: бірінші, екінші, үшінші және т.с.с.
Кез келген күнделікті тапсырманың алтын ережесін ұсынамын: үшінші тапсырмадан кейінгілерді ертеңгі күннің еншісіне қалдырып отырыңыз.

Қай тапсырманың ең маңызды екенін анықтауға қиналасыз ба?

  1. Тапсырмалар арасында байланыстың бар, жоғын анықтап көріңіз. B қадамын жасамай, А қадамын жасауға бола ма? Егер жоқ болса, демек В қадамы маңыздырақ. Сіздің жетістікке жетуіңізге көмектесетін тапсырманы таңдаңыз.

2. Шешімдер матрицасын пайдаланыңыз

Шешімдер матрицасы

Оң жақ жоғарғы шеттегі жұмысты “Қазір орында” деп белгілеп қойыңыз. Ал пайдасыз көп, бірақ қиын болған жұмысты өзге оңайырақ тасырмалармен алмастырыңыз. Пайдасы аз, дегемен оңай бітетін шаруаларды орындап тастауды да алға шығарыңыз.

6.  «Әуежайлық күн» ұйымдастырыңыз

Мен үшін ең өнімді жұмыс орны – әуежай мен ұшақ. Мен бірден баратын емес, әдейі бірнеше ауысымды рейстерді таңдап аламын (олар сондай-ақ ең аз дегенде 100 долларға арзан болады) үйде жұмыс істегеннен гөрі, барлық жұмысымды жолда бітіруге тырысамын.

Ал енді түсіндіруіме рұқсат беріңіздер.

Сізде нақты шектеулі уақыт бар (ұшуға немесе қонуға дейінгі) және сізге қажетті тегін Wi-Fi шектеулі екендігін ескеріңіз. Бұл яғни сіздің 90 минуттық уақытқа жұмыс істеп, өнімді іс атқаруыңызға көмектеседі.

Сіз ұшақта болғанда алаңдататын дүниелерден аулақ боласыз: телефоныңыз сөндірулі, ешкім сізге кедергі жасамайды. Өз басым үйде жұмыс істер кезде де дәл осы атмосфераны қалыптастыруға тырысамын: интернетті өшіріп, 90 минут бойы ештеңеге алаңдамай жұмыс істеймін.


 

Қорытынды. Аз жұмыс істеп, өнімді нәтижеге қол жеткізудің жоспары:

    1. Бітіру керек жұмысыңызға алғашқы қадамыңызды жасап, Зейгарник әсеріне көмектесуге жол ашыңыз.
    2. Алдағы тапсырмаларды анықтап, тұнық ойлауыңыз үшін жобаларды басқару құралдарын пайдаланыңыз.
    3. Пайдалы әдеттерді қалыптастырыңыз.
    4. 90 минут ережесін қолданыңыз.
    5. Маңызды тапсырмаларды деңгей бойынша орналасырып, ең қажеттісімен ғана айналысыңыз.
    6. Сізді алаңдататын дүниелерден арылыңыз. Мысалы, өзіңізге “әуежайлық күн” ұйымдастырыңыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу