Еуропада аяздан 20 адам қаза тапты

Қарт құрлық бұрын-соңды болмаған қысты бастан өткеруде. Еуропада қалың жауған қар мен аяз тұрғындарға көп шығын келтіріп тұр, деп хабарлайды aikyn.kz. Дереккөз: Айқын

0
Ауа райы, аяз

ВВС агенттігінің хабарлауынша, соңғы аптада Еуропада қатты аяздан 20 адам үсіп өлген. Денесін үсік шалып, ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатқан адамдар да жетерлік.

ВВС агенттігінің дерегіне сенсек, қатты аяз әсіресе, мигранттар мен үй-күйсіз жүрген қаңғыбастарға қиын тиіп тұр. Скандинавия аймағынан келген суық масса осылайша бүкіл Еуропаны қалтыратты.

Дерекке жүгінер болсақ, Польша аумағында болған үскірік аяздан 10 адам қайтыс болған. Чехия да суық қысты бастан өткеріп жатыр. Бұл елде соңғы бес күнде үш адам суықтан сеспей қатқан.Болгарияда үш мигрант далада қалып,  Италияның орталық және оңтүстік-шығыс бөлігінде орын алған түнгі суықтан 7 адам о дүниелік болды. Ал Германияның таулы аумақтарында температура 26 градусқа дейін төмендеп, автожолдарда көктайғақ орын алған.

Соңғы күндері Түркияның да бірқатар аудандарында қалыңдығы 40 см қар түскен. Ауа райының нашарлығына байланысты түрік әуежайлары ұшақтарды қабылдамай жатыр. Мәскеуде де орыс қысы бетті қарып тұр. Температура -30 градусқа дейін төмендеген.

«Бұл соңғы 120 жылдан бері болмаған жағдай», – дейді күн райын зерттеушілер.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу