Ерболат Беделхан өнер мектебін ашты

Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан талантты жастарды тәрбиелейтін өнер мектебін ашты, деп хабарлайды Гәкку арнасы. Дереккөз: gakku.kz

ерболат беделхан

“Орда” тобының әншісі әрі продюсер Ерболат Беделхан өнер мектебін ашу бала кезінен келе жатқан арманы екендігін жеткізді.

“Енді бұл өнер мектебі деп айтуға болады. Өзімнің кішкентай кезімнен армандап келе жатқан сол бір арманым еді. Соған бүгін қолымның жетіп жатқанына шынында қатты қуаныштымын”, -дейді ол.

Өнер мектебінде музыка, қазақша рэп және би билеуді үйретіледі. Продюсердің айтуынша, жас ерекшелігіне шектеу бар.

“Басында 10 жастан бастап аламын деп ойлағанмын. Бірақ ондай үлкен ауқымды көп адамдарды қабылдай алмаймын, өкінішке орай. Сондықтан да, 13-14 жастан бастап ғана қабылдай аламын“, -дейді продюсер. Оқу ақылы болғанымен, үміткерлерге гранттық бөлім де қарастырылған. Бастысы қатысушылар өнерлерін дәлелдеуі қажет.

“Тек қана өзім шешім қабылдаймын. Кімде-кім өзінің өнерлі екенін көрсетіп жатса, менің қолыма келуіне болады. Стажер ретінде. Сол кезде ол ақы төлемейді, яғни мен оны өз қамқорлығыма аламын деген сөз“,-деді Ерболат Беделхан.

Өнер мектебіне қабылданатын адам санына шектеу бар. Мектепке небәрі 150 өнерпаз іліге алады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу