Ақтөбеде жеті адам терроризм айыбымен сотталды

Ақтөбенің жеті тұрғынын облыстық сот 6 қаңтарда «террорлық топ құрып, терроризмді насихаттады және әлеуметтік алауыздық туғызды» деген айыппен 6 жылдан 9 жылға дейін соттады. Соттың баспасөз қызметі қылмыс жасаған кезде сотталушылардың екеуі кәмелет жасына толмаған колледж студенттері болғанын айтады.

Дереккөз: Central Asian
0
Құрықталды сотталу сот

Тергеу материалдарында жеті адамнан тұратын қылмыстық топтың Ақтөбедегі күш құрылымдары өкілдеріне қарсы қарулы джихадқа шығып, кейін Ресейге өтпек болғаны жазылады. Олар Ресейдегі түнгі клубтар мен сауда орталықтарында теракт жасауды жоспарлаған.

Облыстық соттың таратқан мәліметіне сүйенсек, “Топқа жетекшілік еткен Сағыныш Құдайбергенов 19 тамыз күні төрт жігітті жалдамалы пәтеріне шақырады. Сол жерде жиналғандарды қарулы джихадқа үгіттеп, террористік топтың мақсаты мен міндетін түсіндірген. Сағыныш Құдайбергенов полицияға шабуыл жасау үшін өз үйінен аңшылардың 16 калибрлі екі мылтығын алып шықпаққа бекінген”.

Сот үкіміне сай Сағыныш Құдайбергенов тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Қуаныш Есенғұловқа да тоғыз жылдық жаза кесілді. Қатаң режим тағайындалған Қуаныш Есенғұловтың мүлкі тәркіленеді. Еламан Балтабаев сегіз жылдық жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Кәмелет жасына тергеу изоляторында толған Нұрхан Сейтқалиға да сегіз жылдық жаза кесілді. Ол жазасын жалпы режимдегі абақтыда өтейді. Кәмелетке тергеу изоляторында толған Әбілқайыр Жалғас алты жылға сотталды. Ол да жазасын жалпы режимдегі абақтыда өтейді. Нұржан Сәбитов пен Диас Бисенғали да алты жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сот Диас Бисенғалидың мүлкін тәркілеуге үкім етті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу