Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі

Атмосфералық фронтальді ағымдардың өтуіне байланысты республикамыздың солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Дереккөз: kazhydromet.kz

0
ауа райы тұман

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде аздап боран соғып, тұман болады. Түнде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей аймақтарында аздап боран соғып, тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының Жаланашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с дейін күшейеді. Облыстың бірқатар аймақтарында тұман болады.

Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысында аздаған боран байқалады. Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі деп күтілуде.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу