Qazkom мен Цеснабанк шахандықтарға көмек бермек

Qazkom Қарағанды облысының Шахан кентінде тұрғын үйдің опырылуы салдарынан зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек ретінде 32 млн теңге бөледі, деп хабарлайды Baq.kz. Дереккөз: БАҚ.кз

0
Шахандағы көпқабатты үй опырылып құлады

Қаржылай көмек Qazkom-да зардап шеккен азаматтардың немесе олардың заңды өкілдерінің атына ашылатын арнайы депозиттерге аударылады.

«Шахан кентіндегі трагедия бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Оқыс оқиға салдарынан тоғыз азаматымыздан айырылдық, оның ішінде үш бала бар, ондаған отбасы баспанасыз қалды. Біз бұл отбасылардың болашағына алаңдаймыз және қиын сәтте қолдау білдіргіміз келді», – дейді Qazkom басқарма төрағасының бірінші орынбасары Абай Ескендіров.

Банк басқармасының шешімімен қаржылай көмек банктің таза табысы есебінен бөлінеді. Депозиттер жергілікті әкімдік берген ресми тізім негізінде таяу уақытта ашылады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Шахандықтарға Цеснабанк те көмек қолын созбақ. Банк 25 жылдық мерейтойын тойлаудың орнына 25 млн теңгені зардап шеккендерге беруге шешім қабылдады.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу