Уақытша тіркеу деген не?

Қазақстанның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек. Бұл талапты орындамаған азамат 16 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта айып төлейді.

Дереккөз: Егемен
8
Цон орталық тіркеу

Бүгін Астанада ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменті басшысының орынбасары Галина Сәрсенова жаңа заңның негізгі нормаларын түсіндірді. Оның айтуынша, тұрған жері бойынша тіркелу талабы – әлемдік тәжірибеде бар нәрсе.

Тіркеу адамдардың еркін жүріп-тұруына кедергі жасамайды, ал тіркелу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында 10-20 минут қана уақыт кетеді дейді Сәрсенова.

Қандай құжаттар керек?

Тіркелуге көп құжат қажет емес, алайда тіркелуші өзі болуы міндетті. Галина Сәрсенованың айтуынша, тіркелу үшін бүгінгі күні мынадай құжаттар керек:

  • Үй иесінің келісімі
  • Үй иесінің жеке куәлігі
  • Тіркелушінің жеке куәлігі
  • Тіркелу үшін 227 теңге төлегені туралы түбіртек

Сонымен қатар тіркелетін үй иесінің өзі немесе нотариус куәландырған сенімхаты қажет. Электронды сандық қол болған жағдайда азамат электронды үкімет арқылы тіркелуіне болады және тұрақты тіркелген жерінен тіркеуден шығу қажет емес.

Бір пәтерде қанша адамды тіркеуге қоюға болады?

Санитарлық талаптар бойынша, пәтерде әр тіркелушінің кемінде 15 шаршы метр тұрғын жері болуы керек. Әзірге бұл норма Алматыда енгізілген. Болашақта елдің барлық аймақтарында осындай талаптар қабылданатын болады. Тіркелген әр адамға пәтерден қанша тұрғын жер берілуі керектігі әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Алматыда 60 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерде төрт адамнан артық тіркеуге алуға болмайды.

Басқа қалаға ұзақ уақытқа емделуге немесе, ауруханаға жату үшін барған азаматтар да сол жерде тіркелуі тиіс. Ал басқа қалада жұмыс істейтін, бірақ қонақүйде тұратын адамдар қонақүйде тіркелуіне болады.

«Сыбайластық мәселесі маңызды сұрақ. Біздің қатарымызда қолы таза емес адамдар болуы мүмкін. Бірақ қайта-қайта пара бергенше, бір рет 200 теңге төлеп тіркелген тиімді. Немесе сыбайластыққа жол бермеу үшін үйде интернет арқылы тіркелуге болады» деді Сəрсенова ханым.

Айыппұлдар қандай?

Енді заң талаптары бұзылған жағдайда салынатын айыппұлдар туралы. Уақытша тұрып жатқан жерінде бір айдан аса уақыт тіркеусіз тұрғаны үшін 7 АЕК, яғни 16 мың теңге айыппұл салынады. Екінші тексеру кезінде заңбұзушылық анықталса, айыппұл 13 АЕК, яғни 29 500 теңге болады.

Пәтершілерді тіркеуге қоймаған пәтер иелері 10 АЕК, яғни 22 600 теңге айыппұл төлейді. Олар жеке тұлға емес, шағын кәсіпкерлер болса айыппұл көлемі 15 АЕК немесе 34 000 теңге, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері болса – 50 АЕК көрсеткіш, яғни 113 500 теңге.

Алайда, заң күшіне енгенмен, айыппұлдар салу әлі де көптеген құжаттардың қабылдануын талап етеді. Сондықтан уақытша тіркеусіз азаматтарды анықтау ісі 2017 жылдың 1 ақпанында басталады.

Галина Сәрсенованың айтуынша, тіркеусіз адамдарды анықтау ісі бұған дейін де жүріп келді. Мысалы, өткен жылы 13 адам осы талапты орындамағаны үшін жауапқа тартылған.

2016 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері туралы кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған болатын. Ол бойынша, үй немесе пәтерді жалға бере алатын адамдар ондағы азаматтарды тіркеуі міндетті.

Бұл құжатты дайындау Ақтөбе мен Алматыда болған террорлық актілерден кейін қолға алынды.

Ержан Әбдіраман

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

8 пікір

  1. Қыдырып барған қаладағы туыстарды тіркелу үшін сандалтып жүреді екенбіз ғой ХҚКО-ға барып қайтайық деп. Қазақстанда қашан заң шығады екен халық ООО деп қуанып қалатын. Жылда халықты қанайтын, қамайтын, еркіндігіне қол салатын заң шығадыда тұрады. Үкімет басындағыларға мейлі, олар тіркелмейді еш жерге. Бірақ халық сорлайтын. Дамыған елдер де заң қатал болса да жарылыс болып жатыр. Егер ақш қаласа жарады қаламаса жармайды . Бұл заңның еш көмегі жоқ тероршыларды ұстауға.

  2. Үй иесі тіркеүге қоймауға хақылы, олай болса тіке көші-қон полиция қызметкерінің жеміті боласың. Басқа амал жоқ.

  3. Саламатсыздарма. Бір ауылда туысының үйінде тіркеуде тұрып, басқа үйде тұруға болама. Бұл жағдайда айыппұл төлемейме?

  4. Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі арқылы 62 шаршы метір үйді 12 жылда каржы жинап әзер дегенде алдым. Шүкір деп қуандық , әлі несиемі жетеді төлейтін, менің уаымым ол емес. Мен үйде жолдасым және 5 балам бар, заңда 60 шм 4 адамнан артық тұруға болмайды деген,сонда мен балдарымды қайда жіберем. Үлкен үй алуға айлықта ,шашымызда жетпейді, Халықтың санын өсіріп жатырмыз деп қуанып жүргенде енді тағы бір уаым қосылды. Мен ешкімге жамандық ойламаймын, тек осы жағын ойлап заңды дұрыс қараса деген ұсыныс!

  5. Масқара не боп кетті өз елімізде енді еркін тұрып жүре алмадыққо. Өзге елдің азаматтарына айтса түсінер едім. Ал бұнда ҚАЗАҚСТАНДА туып оскен өз халыққа мұндай заң шығарғаны масқара. Халықты ойыншық көреме, күнде бір ақылға қонымсыз заңдар. Осыдан соң үкіметке қандай сенім болады.

  6. Казакстанда мундай Болу маскара ендi Гана тауелсиздикти алдык Деп куанып жатканда не болып барады казиргi танда баспана алу оте киын кимнин акшасы бар сол алады 10-жылдан берi 2-топ мугедекпен кезекте турмын алi кунге дейiн уй алган ымыз жок сонда кашан бериледi уй жалдап 3-балам жолдасымен зорга кун корип жургенде Казахстан азаматымыз тиркелген жеримиз бар мен буган келиспеймин оданда мен сиякты жарым-жанга уй берсин сонда оз уйiсизге тиркелемиз

Пікір қосу