Нұрсұлтан Назарбаев: Оқу жүйесіне енгізілген реформаны қайта қарау керек

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандық балаларды білім жағынан қатты қыстамай, оқу жүйесіндегі реформаларды қайта қарауды тапсырды деп хабарлайды liter.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады. Дереккөз: Қамшы

45
Нұрсұлтан Назарбаев

«Біз кішкентай балаларға тым ауыр жүк артамыз, мұндай білім жүйесі ешбір елде жоқ. Кейде біз американдықтар Әзірбайжан мен Тәжікстанды ажырата алмайды деп сынайтын едік, ол расымен де солай, мұндай нәрселерді американдар өсе келе үйренеді. Олар өмір сүруді, өз білімін қалай пайдалануды, өмірде аяққа тұрып кетуді үйренеді. Ал біз оны өте ерте бастан үйретеміз, байғұс кішкентай балаларымыз таңнан кешке дейін күннің жарығын көрмейді», – деп мәлімдеді Елбасы сейсенбі күні болған ХХІV Қазақстан халық Ассамблеясында. Елбасының ойынша, оқу жүйесі реформасының айналасындағы дау-дамай ақпараттың жеткіліксіз және шешімді дұрыс қабылдамағандықтан пайда болды.

«Оқу жүйесіндегі жаңа реформаны халықтың ойымен санаспай, пікірін тыңдамай қабылдай салды. Мұндай өзгерістер оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін қажет. Барлық тараптың пікірі қаралуы тиіс. Ойланбай жасаған тәжірибелер қажет емес, бізді ешкім қуып бара жатқан жоқ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, бес күндік оқу жүйесінен мамандарды қысқартудың қажеті жоқ, барлығын оқу жоспарына ыңғайлап жасалуы керек екендігін қоса кетті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

45 пікір

  1. Дурыс. Билим жуйесин озгертип, балаларга керекти керек емес дуниелерди талап ете беру дурыс емес. Омирдин ози сабак. Бала керегин кейин ози ак окып алады.ар баланын кабылдауы ар турли. Биз балаларымыздын жуйкесин тоздырып жатырмыз

  2. Жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесін де қайта қарау керек. Педагогтік және медициналық мамандықтарды ақылы оқытуға тоқтау салған жөн…

    • Өте дұрыс пікір.Толықтай қосыламын.Бұл мамандықтар бойынша ақылы білім беру дегенді тоқтату керек.Білімі төмен болғанымен ата-анасының қалтасы қалың болғасын оқуға қабылданады.Мұндай сауатсыздарға адам өмірі мен болашағымызды тапсыру өте ауыр қылмыс деп ойлаймын.

  3. Дұрыс айтады. Мұғалімдер мен дәрігерлер мемлекеттің грантында дайындалғаны абзал.

  4. Өте дұрыс шешім. Балаларға бірінші қазақ тілін жетік үйретіп алмай, басқа тілді тықпалаудың қажеті жоқ. Өз ана тілін еркін меңгергеннен кейін басқа тілді үйретсе де болады. Балаларды балалықтан айырмайық.

  5. Топырлаған мардымсыз педагогика ғылымдарының докторлары мен кандидаттарын құрту керек, оқулықтырды да, білім жүйесін де ластап бітті әбден….

  6. Мен де қосыламын… байғұс 1 сынып оқушылары сөмкесін əзер көтереді…басқасын айтпағанда. Бағдарламалары өте күрделі! !! Менің қызым 1 сыныпта оқиды, сабақтары өте қиын, əсіресе математика сабағы.

  7. Мен орыс тілінен сабақ беремін. Орыс тілінде де керек емес сөздер мен ұғымдар да көп… кейбір балалар орысша түсінбейді, терминдерді айтпағанда…

  8. қатесіз жазыңыздар. жоғарғы оқу орнын қайтесіңдер бірінші 1 класс әліппеден бастап түзету жүргізген жөн

  9. Қайта қарауға түгелдей қосыламын.Он екі жылдық білім реформасын бүкіл əлем қабылдаған жоқ қой.Біздің заң қабылдағыштарымыз кішкене болса да жан-жақтаоына қараса болар еді.Ол біздің мемлекетке бола ма,болмайма соны терең зерттеу керек еді ғой.Əліппені білмейтін бала шет тілін қалай меңгерсін?Əлі оқулық мəселесі дұрыс шешілген жоқ.Əр мектеп əртүрлі баспаның оқулықтарын пайдаланады.

  10. Дурыс кайта карау керек. Оз ана тилин жетик менгермей турып баска тилди калай уйренсин. Кишкентай балаларга ауыр салмак.

  11. Әрине бізді ешкім қуып жатқан жоқ, сондықтан да бірін рет-ретімен жасаған дұрыс.

  12. Елбасы ешқашан да қате айтпайды, ол барлық жағдайды бағамдап отырып, осындай шешімге келген секілді.

  13. Біз бір орында тұрмауымыз қажет, бірақ та жүйелі түрде алға қарай дамығанымыз абзал.

  14. Біздің көптеген шенеуніктеріміз ойланбай, ақылдаспай реформалар жасауға әуес, бәрінің соңынан сосын Елбасы ақталып әлек болып жатады.

  15. Меніңше дер кезінде айтылған сөз деп білемін, ендігі кезекте білім саласының басшылары осы Елбасы айтқан сөзді ескереді деп ойлаймын.

  16. Дамыған, өркениетті елдің қатарына қосылу үшін бізге білімді ұрпақ керек. Бірақ ол көп дүниені жүктеп қою деген сөз емес әрине.

  17. Кезінде біз оқыған мектеп бағдарламасы бұл күні жаңарып, бірнеше есе күрделенген. Ол жақсы жам жоқ па уақыт көрсетер

    • мысалга озим садикте жумыс жасайм балаларга енди оте ауыр ойын ойнай алмайды ылги сабак сабак ашык сабак койылатындары балаларга ауыр го оте

  18. Өте дурыс ел басымыз дың пікірі. Соның мен бірге мектепте балалардан ақша жыйнауын доғарса Өте Жақсы болушы еди. Себебі фондқа 2000 тг ақша бере алмайтын отбасы Өте көп соның бірі өзім.

    • Кəзір ұбт форматын өзгертуді колга алса дурыс болар еді.Ойткені жаңадан енгізілген формат бойынша дайындалу оте кыйын.Əсіресе биология тандап дəрігер болгысы келеті каншама жеткіншектер.Өз арманына бас тартуга да мəжбүр болып жатыр.Өйткені Биологияны тандасак химияны коса алуымыз керек ,ал ол оте курделі бізге катты кыйын согп жатыр.убт форматты бурнгы куйнше калдырсаныздар екен.

  19. Әрине білім саласы балаға нақты керегін оқытуымыз керек. Ұлттық құндылығымыз жойылуда үтінде, әлемнің реформасын қабылдау қажеті жоқ.

  20. Шетел тілін оқыту үшін сол ел тілінде оқулықтар керек. Ол бізде бар ма? Жоқ. Шетел тілін оқыту үшін сол тілде оқытатын білікті маман керек. Ол да жоқ. Бар болса да жеткіліксіз. Оқулық болмаса, оқытушы жоқ болса қалай оқытамыз? Еуропа боламыз деген бір пайдасыз қиял санамызды улап жатқаны белгілі. Сол Еуропаға мәдениет, білім Азиядан барғанын ұмытпаған абзал. Балаларды қатты қинағаннан пайда емес, зиян шегудеміз. Бала өз ана тілін толық меңгергені дұрыс. Кезінде Шерхан Мұртаза ағаның айтқаны бар еді: жыланда екі тіл бар, ал бізде ушеу деп. Тіл білген дұрыс шығар, бірақ, сол тілдерді баланың жасына, қабілетіне, қабылдауына қарай сатылап енгізген дұрыс деп санаймын. Жапониядан үлгі алған дүрыс… Осы білім министрлігінің былықтарын шешуге Президенттің өзі қатыспай болмайтын сияқты. Болашағымыз жарқын болсын десек. балалардың тағдырына басты назар аударған дұрыс.

  21. Шетел тілін оқыту үшін сол ел тілінде оқулықтар керек. Ол бізде бар ма? Жоқ. Шетел тілін оқыту үшін сол тілде оқытатын білікті маман керек. Ол да жоқ. Бар болса да жеткіліксіз. Оқулық болмаса, оқытушы жоқ болса қалай оқытамыз? Еуропа боламыз деген бір пайдасыз қиял санамызды улап жатқаны белгілі. Сол Еуропаға мәдениет, білім Азиядан барғанын ұмытпаған абзал. Балаларды қатты қинағаннан пайда емес, зиян шегудеміз. Бала өз ана тілін толық меңгергені дұрыс. Кезінде Шерхан Мұртаза ағаның айтқаны бар еді: жыланда екі тіл бар, ал бізде ушеу деп. Тіл білген дұрыс шығар, бірақ, сол тілдерді баланың жасына, қабілетіне, қабылдауына қарай сатылап енгізген дұрыс деп санаймын. Жапониядан үлгі алған дүрыс… Осы білім министрлігінің былықтарын шешуге Президенттің өзі қатыспай болмайтын сияқты. Болашағымыз жарқын болсын десек. балалардың тағдырына басты назар аударған дұрыс.

    • Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1сыныпқа сабақ беремін.Биыл сағатым қысқарды.2016 жылдың қараша айында.Жаңартылған білім мазмұны бойынша тегін 3 апталық курстан өттім.2017жылдың қаңтар айында ақылы өзін-өзі тану курсынан өтіп жатырмын.Ұстаздардың білімін арттыру үшін.Неге тегін курстар қарастырылмайды.1сынып оқушыларнына математика оқулығымен дəптері үлкен етіп шығарылған партаға сыймайды.1 сынып оқушылардың кітаптары өте ауыр

  22. Ұстаздарға неге тегін курстар қарастырылмаған.Ақылы өзін-өзі тану оқып жатырмын

  23. Елбасымыз дурыс айтады,толыктай келисемин 1-сынып балаларына оте киын,танертеннен кешке дейин сабак,оган коса косымшалары бар,балаларымыз катты шаршайды,типти кейде аяп та кетесин,не деген маскара баланын басын катырып,12- жылдык деп шешим кабылдагандары да дурыс емес,5-кундик болады дегенге келисемин,себеби бала 1кун демалыс ештемеге улгермейди. Рахмет!

  24. Мен өз пікірімді білдірсем деймін.Мен 11 сынып оқушысымын қайтадан қарап шығу керек дейсіздер неге осы бізден сұрамайсыздар біз ғой тапсыратын емтиханды неге ауыстыра бересіздер қыйналып жатқан біз оқу бітуінеде аз уақыт қалды ал сіздер қайта қарап шығу керек дейсіздер бір шешімге келіп кейін хабарлау керек еді қиналып кеттік қой ҰБТ қайтадан болатын болса тағы біз қыйналамыз неге осыны ескермейсіздер

  25. Біздің де қызымыз 1 сыныпта оқиды сабақтары тіптен қиын үйден дайындаған кезде 2-3сағат отырып дайындалады қазақша əріпті жаңа өтіп жатқан балаға ағылшын əріптерін шатастырады ауылдық жерде тұрамыз ертең тоқсан аяқталарда тест тапсырады дейді мектепте бары 2 компьютер бар олда дұрыс жасамайды оған дайындалып отырыпта көрмеген сонда ертең олар қалай тапсырады зертханалық жұмыстарыда жасалып жатырған жоқ музыкадан да мамандар бермейді ауылдық жерлерде өйткені сағат аз сумкасы ауыр өзіміз апарып алып келеміз себебі арқаласа артқа қарай шалқайып əлде еңкейіп жүруге мəжбүр балаларымыздың болашағы не болады надан жүйке жүйесі бұзылған сүйектері майысқан болып шығады қазірден бастап қаралып дұрыс шешім қабылданса екен

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!