Бишімбаевтың тергеуге алынғандығы хабарланды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кездесу кезінде ұлттық экономика министрлігінде болып жатқан кадрлық ауыс-түйіс жайлы айтты, деп хабарлайды naryk.kz.

Дереккөз: naryk.kz
0
Қуандық Бишімбаев

«Министр Қуандық Бишімбаев «Бәйтерек» холдингіндегі қызметіне қатысты туындаған мәселелерге байланысты орнынан босады. Қазіргі сәтте оған қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ол өзіне қойылған міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Қуандық Бишімбаев 28 желтоқсан күні қызметінен босатылып, орнына Тимур Сүлейменов тағайындалған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу