Қазақстан полицейлері 2017 жылы алатаяқ ұстамайтын болды

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін алатаяқ қолданбайтын болды.

1
Қазақстан полицейлері 2017 жылы алатаяқ

«Халықаралық талаптарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органы қызметкерлері көлік тоқтату құралын пайдаланбайды. Көліктер тек қолдың ишарасымен бір уақыттағы қатар соғылған ысқырықпен немесе көлікке орнатылған дабылмен тоқтайтын болады. Сондай-ақ автопатрульдеу жүйесі де қолданылады», – делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің құқық қорғау органдарын модернизациялау аясында ІІМ жол жүру қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық тәжірибені меңгерді. Еуропа елдерінде жол полиция қызметкерлері таяқ ұстамайды.

Жол жүру ережесін бақылау үшін бейнебақылау камералары мен видеотіркеу орнатылады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

  1. Меніңше дұрыс емес сияқты.Ала таяққа зорға тоқтайтын халық енді инспекторларды мазақ ететін болады.Теледидардан бұл туралы əзілдер де шығып үлгерді,такси тосып тұрсыз ба дейді.Америкада ала таяқ жоқ,бірақ олар тапаншаға көп жүгінеді.МАИқызметкерлерін сынауға ,,камераға түсіруге бəріміз шеберміз,бірақ бір мезгіл өзімізге де қарауымыз керек.

Пікір қосу