Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Қазгидрометтің болжауынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болады.

Дереккөз: kazhydromet.kz
0
Астана жауын

Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел соғады – 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда, Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын болады, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, кей жерлерде түнде жел күшейеді – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу