45 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 45 елдің азаматы Қазақстанға визасыз келе алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
виза visa

«Бүгінгі таңда виза рәсімдеусіз-ақ Қазақстанға 19 елдің азаматтары келе алады. Ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан 45 елдің азаматтары осындай мүмкіндік алады. Олардың қатарында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Еуропалық одақтың мүшелері, сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Сингапур сияқты елдер бар», – деді ол.

Осы ретте министр 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін шетелдік азаматтарға арналған Қазақстан Республикасының визасын беру және шақыруларды рәсімдеудің жаңа ережесі дипломатиялық корпус өкілдеріне берілгендігін айтты.

«Виза режімін ырықтандыру мақсатында қабылданған шаралар біздің еліміздің ұлттық мүддесін ескере отырып жүргізілетіндігін атап өткім келеді. Жоғарыда аталған мемлекеттерден бөлек тағы 19 елдің азаматтары қол қойылған екіжақты келісімдердің негізінде виза талаптарынан босатылады. Мұндай келісімдерге басқа да мемлекеттермен қол қою үшін келіссөздерді жалғастыра беретін боламыз», – деді Ыдырысов.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу