ОҚО-да жыл басынан бері 800 нәресте дүниеге келді

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа жылдың алғашқы бес күнінде 800-ден аса сәби дүниеге келді.

0
сәби нәресте

Еліміз бойынша әрбір бесінші бала демографиялық өсімі жоғары Оңтүстік өңірде туылады екен. Ал 2015 жылы облыс бойынша 80 мыңға жуық нәресте туылған.

Айта кетейік, 31 желтоқсаннан 1-ші қаңтарға қараған күні перзентханаларда 233 сәби жарқын дүние есігін ашты. Оның ішінде 130 ұл бала болса, 103 қыз баласы. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 11 балаға артық.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу