Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Синоптиктердің болжауынша, 26 желтоқсан күні Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды. Дереккөз: kazhydromet.kz

0
Суық, қар, аяз

Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!