Бердібек Сапарбаев қар құрсауында қалғандарға барды (видео)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе-Хромтау тасжолында қар құрсауында қалып қойған жүк көлігі иелеріне барып, жағдайларын білді. Дереккөз: TengrinewsTV

0

Өңір басшысы жүк көліктерінің жүргізушілерін ауа райы оңалғанша қалада болуға шақырды. “Бұл жерден артқа қарай қайтыңыздар. Қалада болыңыздар. Сіздердің өмірлеріңіз бізге қажет”, – деді Бердібек Сапарбаев. Жүргізушілермен кездесуден кейін әкім жөндеу қызметінің техникамен жабдықталуын қарап шығып, жылыту пункттеріндегі жағдайды тексерді.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, республикалық негізгі жолдардың көбі ашылып үлгерді. Қар құрсауынан жалпы 2013 адам, 91 дана автотехника эвакуацияланды, қосымша 571 адам қауіпсіз жерге жеткізілді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!