Apple сымсыз құлаққап шығарды

Apple компаниясының ресми сайты AirPods сымсыз құлаққабы интернет-дүкен сатылымына шықты деген ақпарат таратты. Сымсыз құлаққап қазан айында пайда болған, деп хабарлайды naryk.kz.

Дереккөз: naryk.kz
0
Cымсыз құлаққап

AirPods сымсыз құлаққабы iPhone 7 және 7 Plus смартфондарымен бірге таныстырылған. Компанияның алғашқы сымсыз құлаққабын желтоқсан айынан бастап дүкен сөрелерінен көруге болады. Бағасы 159 АҚШ долларын құрайды. Бұл 53000 теңгеге жуық қаражат.

Өндірушілердің сөзінше, тапсырыс 2 апта ішінде жеткізіледі. Құлаққап Siri жүйесі арқылы басқарылады. Siri сұрақ-жауапқа негізделген дербес көмекші жүйе. Құлаққапты 2 рет басып дауыс ырғағын жөндеп алсаңыз болады. Оны телефоныңызға қосқан сәттен барлық Apple құрылғыларына жалғанады.

Қазіргі уақытта аталмыш өнім 100-ден астам елде қолжетімді болып отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу