2016 жылы шаңырақ көтерген жұлдыздар

Биылғы жылы біршама әнші мен актер, ақындар мен спортшылар шаңырақ көтеріп, шаттыққа бөленді. Дереккөз: reactor

0
Гауһар Әлімбекова
Гауһар Әлімбекова

Дидар Амантай мен Гүлбаршын Тергеубекова

Дидар Амантай мен Гүлбаршын Тергеубекова
Дидар Амантай мен Гүлбаршын Тергеубекова

Жадыраған жаз басталғанда қарымды қаламгер Дидар Амантай мен зор дауысты әнші Гүлбаршын Тергеубекованың шаңырақ көтергені туралы жаңалық жұртшылықты қуантты. Қарым-қатынастарын ұзақ уақыт жасырып келген танымал тұлғалар жақында қызды болған еді. Қыздарының есімін Рәбия-Сұлтан-Бегім деп қойды.

Асылбек Еңсепов

Асылбек Еңсепов
Асылбек Еңсепов жары Айжан және журналист Мейрамбек Таубалдиевпен

Сарша тамызда белгілі күйші, шебер домбырашы Асылбек Еңсепов ақ құсын қолына қондырды. 36 жасқа келіп үйленген Асылбектің таңдауы Айжан есімді аруға түскен.

Жанболат Беделхан

Жанболат Беделхан
Жанболат Беделхан жары Жұпардың ұзату тойында

Осы айда Беделхандар әулетінде де  жар-жар айтылған той өтті. Ерболат пен Есболаттың ағасы, «Орда» тобының әншісі Жанболат Беделхан Жұпар қызды жар етті. Тойларын тоқсаныншы жылдардың стилінде өткізуді ұйғарған жас жұбайлар баннердің орнына қабырғаға кілем іліп, есімдерін мақтамен жазған еді.

Рүстем Қайыртайұлы

Рүстем Қайыртайұлы
Рүстем Қайыртайұлының тойынан

Қыркүйектің 22-жұлдызында айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы бойдақтық өмірімен қош айтысты.  Бұл қуанышы туралы ақынның өзі әлеуметтік желіде: «Әке-шешемнің үйленген күнінде үйлену арманым еді. Тура сол күн, сол сағатта неке жүзігін салып, отау тіктім. Енді сол кісілердей бірнеше ұл-қыз өсірсем деген арманның құлағы “қылтиып” тұр»-деп жазған еді еді.

Серік Ибрагимов

Серік Ибрагимов
Серік Ибрагимов жары Айнамкөзбен

Қазан айының басында өнер өлкесінде «Жаяу» әнімен танылған жас әнші Серік Ибрагимов дүркіретіп той жасап, «тәуелсіздігімен» қоштасты. Ол Айнамкөз арумен танымал болғанға дейін танысып, бес жыл көңіл жарастырған.

Жұлдыз Маханова

Жұлдыз Маханова
Жұлдыз Маханова

Отандық «Сырғалым» сериалында басты рөлді сомдаған Жұлдыз Маханова да жар атанды. 26 жастағы актриса Қызылорда өңіріне ұзатылған. Бірақ етегінен ұстаған ер азаматының кім екені жөнінде ақпарат жоқ.

Жанқош Тұраров

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров жары Кларамен

Қараша айында белгілі боксшы Жанқош Тұраров Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде үйлену тойын өткізді. Былғары қолғап шеберінің қалыңдығы – Клара Иса.

Аманғали Сыпабеков

Аманғали Сыпабеков үйленді
Аманғали Сыпабеков жары және достарымен

“Әзіл әлемінің” актері Аманғалидің жарының есімі — Марал. Кеше ұзату тойы Тараз қаласында өтті. Бұл туралы актердің достары Қанат Әлжаппаров пен Қайрат Әділгерей инстаграмдағы парақшаларында хабарлады.

Гауһар Әлімбекова

Гауһар Әлімбекова
Гауһар Әлімбекова

Биыл тұрмыс құрғандар қатарында Гауһар Әлімбекова да бар. Бірақ әнші тойы әлі өтпегендіктен, ер азаматы туралы ештеңе айтқан жоқ, тек оның шығармашылық адамы емес екенін ғана айтты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу