23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

23 желтоқсан күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, әсіресе, оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын қатты болады, деп болжайды "Казгидромет". Дереккөз: ҚазАқпарат

0

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман болжанады.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасын, тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында,  Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болуы ықтимал.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!