Шыршаны заңсыз кесуге жол жоқ. Соңғы 1 апта ішінде елордада заң бұзған бір кәсіпкер ұсталып, жауапқа тартылды. Айта кеткен жөн, Астана аумағындағы шыршалар көрші Ресей елінен әкелінеді. Кәсіпкерлердің қолында оларды сатуға қажетті барлық құжаттар болуы тиіс. Ал Қазақстан аумағында шыршаны кесуге мүлдем тыйым салынған.

Асан Қадыров, Табиғатты қорғау бөлімшесінің аға инспекторы  – Егер шырша заңсыз кесілген болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 340-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Яғни 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл төлейді, не болмаса 60 күндік қамауға алынады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!