Қазақстанда Су-27 ұшағы апатқа ұшырады

Бүгін, 21 желтоқсан күні түнгі жағдайда оқу ұшуын орындау кезінде авиациялық қақтығыстың салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Орын алған қақтығысқа қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми түсіндірме берді.

2
Су-27 ұшағы

Ұшқыш майор А. Ысқақов барынша күш-жігерін салып, ұшақты елді мекеннен әрі қарай бұрып жіберді. Одан кейін қарғып түсу әдісін қолданды.

Қазіргі уақытта ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық. Қақтығыстың себептері мен мән-жайын ҚР Қорғаныс министрі тағайындаған комиссия анықтауда.

Майор А. Ысқақовтың күндізгі және түнгі уақыттағы жалпы ұшып өтуі 556 сағатты құрайтынын айта кеткен жөн.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

2 пікір

  1. Біздің елде іске жарамды техника бар ма өзі? Толықтай жаңартудан өткізссе қайтеді? Асап тұрып дегеннен басқа не біледі біздің басшылар?
    Қаншама адамның өмірін қыршын қиып кетті , осы ескі құсқы СССРдан қалған техникаларымыз….
    Біреуі əкесінен, біреуі жалғыз ұлынан енді біреуі жарынан айырылып қалды.. Адамның өмірі ойыншыққа айналып барады.

  2. Осы ушқыштардың жаттығулары біздің зəремізді алып болды.устімізге құлап кететіндей жақын ұшады.ел жоқ бетпақ далада жаттықса боладығой.

Пікір қосу