2016 жылдың ең әсерлі суреттері

2016 жыл Риодағы Олимпиада ойындарымен, АҚШ-тағы сайлау және Британияның ЕО-дан шығу бастамасымен, 5 жылдан бері созылып келе жатқан Сириядағы қасіретпен есте қалды. Businessinsider басылымы биылғы жылдың ең әсерлі деген суреттерін жинақтапты.

Дереккөз: naryk.kz
0
Үздікі фото 2016

Ақ үйде сөйлеп жатып 2013 жылы АҚШ-тағы Санди Хук бастауыш мектебіндегі қырғында қайтыс болған балаларды еске алған Барак Обама еріксіз көзіне жас алған еді.

Обама

Сириядағы азаматтық соғыс биыл шарықтау шегіне жетті.

СирияРиодағы Олимпиада кезінде бауырлас қос Кореяны бірлікке шақырғандай фотосурет. Суретте екі елдің спортшылары.

КореяЖыл басындағы Брюсселдегі террорлық әрекет. Оны “Ислам мемлекеті” өз мойнына алған еді.

2016 жыл АҚШ президентінің бір ғасырға жуық уақытта алғаш рет Кубаға барғанымен есте қалды. Суретте АҚШ әуе күштері ұшағының Кубаға қонғалы жатқан сәті.

ұшақАлепподағы қырғынға қарсы шеруге шыққан түрік студентінің көз жасы.

ТүркияШілде айындағы Түркияда болған төңкеріс жасау әрекетінен бір сәт.

Үсейін Болттың кезекті жеңісі. Бұл жолы атлет 100 метр қашықтықты 9,81 секундта жүгіріп өтті.

АҚШ-тың 26 жасар тұрғыны Жаклиннің Зика вирусының кесірінен кінәратпен туған нәрестесі.

АҚШ, Флорида штаты, Орланда қаласы. Пульс түнгі клубында болған жарылыста 49 адам мерт болды.

Еуропа белсенділері Британияның Еуроодақтан шығуына осылайша қарсылық көрсетуде.

фото 2016

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу