Еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылды

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды. Бұл туралы ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Дереккөз: khabar.kz
0
Қысқы жол

Бүгін сағат 11.20-да ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) «Астана-Щучинск» республикалық маңыздағы а/ж автокөліктің барлық түрлеріне жабылды.

Сонымен бірге сағат 13.20-да ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) «Астана-Павлодар» республикалық маңыздағы а/ж автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

Қатты жел, қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуінен «Жезқазған-Петропавл» а/ж км 377-595 (Қостанай обл – СҚО аумағы), «Астана-Ерейментау-Шідерті»а/ж км 16-205 (Астана қ-Павлодар обл аумағы ), «Екатеринбург-Алматы» а/ж км 917-856 (п.Жақсы-СҚО аумағы) учаскелерінде барлық автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сағат 13.45-те ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж учаскесінде (205-259 ш) Шідерті кентінен Ақмола облысы шекарасына дейін барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу