«Реалды» Зиннедин Зидан жаттықтыратын болды

Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес кезектен тыс баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, клубтың бас жаттықтырушысы Рафаэль Бенитесті қызметінен босатты. Нәтижесінде «корольдік клубты» алдағы уақытта Зиннедин Зидан жаттықтыратынын ресми түрде хабарлады.

Дереккөз: massaget.kz
0
Зенедин Зидан

— Клуб басшылығының шешім қабылдауы қиынға соқты. Әсіресе, маған қиын болды. Рафа – нағыз кәсіби әрі тәжірибелі маман. Ал клубтың жаңа жаттықтырушысы Зидан болады. Мен оның есімін зор құрметпен айта аламын. Оның сөздік қорында «мүмкін емес» деген сөздің жоғын жақсы білемін, — деді Флорентино Перес.

Рафаэль Бенитес «Реал» тізгінін өткен жылдың маусым айында ұстаған еді. Одан бергі аралықта клубтың ойын нәтижесі (25 ойын, 17 жеңіс, 5 тең ойын, 3 жеңіліс) жанкүйерлер мен команда басшылығының көңілін көншітпеді. Нәтижесінде Рафаэль Бенитестің қызметінен кетуіне клубтың ала-құла өнер көрсетуі себеп болып отыр. Сондай-ақ испандық маман клуб ойыншыларымен де жақсы қарым-қатынаста болмағанын батыстық басылымдар ерте бастан-ақ хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Зиннедин Зидан осыған дейін «корольдік клубтың» екінші командасы саналатын «Реал Кастильяны» жаттықтырып келген еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу