Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі: қараша айы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бір айдың ішінде еліміздің сыртқы және ішкі саясатына қатысты 49 істі тындырған. Дереккөз: Саясат

13
Рақымшылық туралы заң

Өткен айда ҚР Президентінің ресми сайты Елбасы тындырған 49 іс туралы ақпарат жариялады. Оның алғашқы үштігін кездесулер, телефон хабарлары мен қатысу шаралары құрады:

Іс-шараСаны
1.Кездесу20
2.Телефон хабарлары7
3.Нысандарды аралау6
4.Іс-шараларға қатысу4
5.Сұхбат3
6.Сапар2
7.Келіссөз2
8.Брифинг2
9.Жиналыс2
10.Сөз сөйлеу1

Ішкі саясат

Ішкі саясат мәселелерін қарау кезінде Елбасы Бақытжан Сағынтаевтың жұмысын қарап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты есебін тыңдады. Сондай-ақ, жеті саланың басшысымен кездесті. Оның үшеуі ұлттық компаниялардың басшысы:

ТұлғаҚызметі
1.Бауыржан БайбекАлматы қаласының әкімі
2.Бақыт СұлтановҚаржы министрі
3.Мұхтар Құл-Мұхаммед«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары
4.Ахметжан Есімов«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы
5.Сауат Мыңбаев«ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы
6.Асқар Жұмағалиев«Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы
7.Қайрат Келімбетов«Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшысы

Сыртқы саясат

Нұрсұлтан Назарбаев қараша айында екі елге: Жапонияға ресми сапар, Кореяға мемлекеттік сапар жасады. Онда екіжақты келіссөздер жүргізіп, брифингтерге қатысты. Одан бөлек, сыртқы саясатты талқылау мақсатында, тоғыз елдің өкілімен кездесу өткізді:

ТұлғаҚызметі
1.АкихитоЖапония императоры
2.Ли КэцянҚытай Халық Республикасының премьер-министрі
3.Александр ВучичСербия Респуббликасының премьер-министрі
4.Антониу ГутерришБҰҰ Бас хатшысы
5.Любомир ЗаоралекЧехия Республикасының Сыртқы істер министрі
6.Фумио КисидаЖапонияның Сыртқы істер министрі
7.Мирослав ЛайчакСловакия Республикасының Сыртқы және европалық істер министрі
8.Ли Мен БакКорея Республикасының экс-президенті
9.Ясуо ФукудаБоаос азиялық форумының басқарма басшысы, Жапонияның экс-премьер-министрі

Қараша айында Елбасы алты елдің ресми өкілімен телефон арқылы сөйлесті.

ПерсонаДолжность
1.Владимир Путин (2 рет)Ресей Федерациясының президенті
2.Дональд ТрампАҚШ президенті
3.Реджеп Тайип ЭрдоганТүркия Республикасының президенті
4.Алмазбек АтамбаевҚырғызстан Республикасының президенті
5.Шавкат МирзиёевӨзбекстан Республикасының президенті
6.Томислав НиколичСербия Республикасының президенті

Бұл шаралардан бөлек, Нұрсұлтан Әбішұлы америкалық Bloomberg агенттігіне, ресейлік «Россия-24» арнасына және жапондық NHK арнасы мен «Киодо Цусин» агенттігіне сұхбат берді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

13 пікір

  1. Елбасы жылдың қорытындылайтын айда көптеген кездесулерге барып, маңызды ақпараттық құралдарға сұхбат беріпті. Өте тығыз жұмыс кестесі, жемісті еңбек деп айтар едім

  2. Біздң мемлекет басшымыз мақтанатын, мемлекеттің айнасы. Қараша айында сыртта кездесулерде болып қана қоймай, шет елде елбасының атына біршама дүниелер беріліп, Алматы мен Токио бірлесе жасаған бастаманың тұсауын кесті

  3. Елбасының жұмыс графигін көріп отырмыз… Демалыссыз жұмыс өз нәтижесін беріп жатыр. Аман болыңыз

  4. тынымсыз еңбек, жүйелі жұмыстың арқасында біз нәтижесін көріп отырмыз. Бұл әрине, Алланың содан соң елбасының арқасы. Шаршамаңыз, талмаңыз Нұр аға!

  5. Іс-сапарларға өткен айларда көп шыққанын біліп, көріп, оқып отырмыз. Елбасының деніне саулық тілейміз. Ел үшін қызмет етіп жүре беріңіздер

  6. Елбасының жұмыс кестесі өте тығыз, кейде бір күнде 3-4 ел басшыларымен кездесу өткізеді, әрине ол жігерлік пен қайсарлықты қажет ететіні белгілі.

  7. Елге қызмет ету оңай шаруа емес, әр кезде елдің абыройы үшін дер кезінде тиісті, оңтайлы шешім қабылдау керек болады.

  8. Өте тығыз жұмыс кестесі. Үйінде отырып сайрағандар осының бірінде жасай алмайтыны анық. Тіпті жасауға білімі мен ақылы жетпейтіндер көсемситінін қайтерсің

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!