Қазақстандықтар биылғы жылы 39 мың жаңа көлік мінді

2016 жылдың қаңтар-қараша айларында ресми дилерлер жаңа 38 799 жеңіл және жеңіл коммерциялық автомобильдер сатқан, бұл өткен жылғы көрсеткішпен (88 396 дана) салыстырғанда 56% төмен.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
автокөліктер

Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша, сатып алынған 29 357 автокөлік (76%) – импорттық өнім , ал қазақстандық автозауыттардың көліктерін 9422 (24%)  сатып алушы таңдаған.

Республика аумағындағы жаңа жеңіл автокөліктерді бастапқы тіркеуден өткізудегі ресми дилерлердің үлесі 95% құрады.

Қазақстандықтар ең көп сатып алған көлік брендтері де анықталды. Бұл рейтингте Toyota көш бастап тұр: 2016 жылдың 11 айында республика аумағында жапондық марканың 7 592 көлігі сатылған. Lada үлгісін 7 300 сатып алушы таңдаған. Үшінші орында  3 448 көлік сатқан – Renault маркасы. Үздік бестікке Hyundai (3 248 дана) және KIA (3 012 дана) маркалары еніп отыр.

Халықтың сұранысына ие болған өзге де көлік үлгілері:

1.Hyundai Accent (1 437 дана)

2. Volkswagen Polo (1 436 дана)

3. Toyota Land Cruiser Prado (1 186 дана)

4. KIA Rio (1 150 дана)

5. Renault Sandero (1 149 дана)

6. Toyota Land Cruiser 200 (1 058 дана)

7. Toyota Rav4 (1 028 дана)

8. Hyundai Elantra (900 дана)

9. Lada Largus (746 дана)

10. KIA Sportage (664 дана)

11. Renault Logan (587 дана)

12. Toyota Corolla (545 дана)

13. Toyota Hilux (544 дана)

14. Lada Kalina (528 дана)

15. Skoda Rapid (475 дана).

Ағымдағы жылдың 11 айында жеңіл автокөлік сатып алуда белсенділік танытқан қалалар: Алматы (11 827 көлік сатылған), Астана (6 803 дана), Атырау (2 831 дана), Шымкент (2 025 дана), Қарағанды (1 988 дана), Өскемен (1 942 дана), Қостанай (1 787 дана), Ақтау (1 745 дана), Орал (1709 дана) және Ақтөбе (1 457 дана).

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу