Алматы облысында 25 кәсіпорын ашылады

Алматы облысында «25 жұлдызды күн» акциясы аясында 25 кәсіпорынның ашылуы күтіледі. 2 мыңнан астам халықты жұмыспен қамту көзделген жобалардың жалпы инвестициялық көлемі 48,3 млрд. теңгені құрайды. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Алматы облысындағы жаңа зауыт

Бұған дейін индустрияландыру күніне орай өткізілген тікелей телекөпір барысында 25 кәсіпорынның бірі таныстырылған болатын. Текелі қаласында шойын шығаратын тау-кен өңдеу кешені ашылды. Ол толық қуатына шыққанда 500 жаңа жұмыс орны ашылатыны жоспарлануда. Сонымен қатар, Сарқан ауданында 17 МВт Лепсі СЭС-і іске қосылды. Жобаның жалпы құны 4,2 млрд. теңге.

Сондай-ақ, бүгін Алматы облысының Қарасай ауданында екі зауыт іске қосылды. Жаңадан іске қосылған нысанның бірі шыны ыдысын шығарады. Жылына 120 млн. бөтелке шығаруға қауқарлы зауытта 400 жұмыс орны ашылды. Салынған инвестиция көлемі – 11 млдр. теңге.

Ал  екінші нысан «ХоландГринТек» ЖШС-да жылыжайларға арналған металл конструкциялары өндіріледі. Зауытқа 2 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 50 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, 16 желтоқсанға дейін Талғар ауданында пластик өнімдерін шығаратын зауыт, «Асыл құс Агро» ЖШС құс фабрикасы, резеңке плиткаларын өндіретін «Артпрайм Қазақстан» ЖШС іске қосылатын болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!