Қазақстанда “мобиль құлдық” енді болмайды (Сауалнама)

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда абонеттік номерлерді басқа операторға көшіру қызметі іске қосылды. Бұдан былай әр абонент мобиль телефон номерін сақтай отырып, басқа оператордың қызметіне жүгіне алады деген сөз. Осының бәрі "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңының арқасында мүмкін болып отыр. Ел ішінде мобиль телефон номерін сақтай отырып оператор ауыстыру мүмкіндігі "мобиль құлдықтан" құтылу деп аталып кетті. Дереккөз: theopenasia.net

26

Бұрынғы операторда қалған балансты ала көшуге бола ма?

Жоқ. Алдымен балансыңызда қалған қаражатты қайтарып беруін өтініп, бұрынғы операторыңызға жүгіну керек. Тек, Kcell мен Activ арасында көшкен жағдайда ғана балансыңызды ала кетуге мүмкіндік бар.

Мобиль байланыс операторын қаншалықты жиі ауыстыруға болады?

Биылша ұялы байланыс операторлары арасында алпыс күнде бір рет қана көшуге болады. Кейіннен бұл әрекетті ай сайын жасаймын десеңіз де өз еркіңізде. Қызмет – тегін.

Басқа операторға қалай көшемін?

Мобиль байланыс операторын ауыстыру үшін жеке куәлігіңізді алып, көшкіңіз келетін оператордың қызмет көрсету орталығына баруыңыз керек. Көшкіңіз келетінін айтып өтініш жазасыз. Басқа операторға ауыстырғыңыз келетін номер өз атыңызда болуы тиіс екеніне назар аударыңыз. Қызмет көрсету орталығында жаңа SIM-карта аласыз. Номердің өзін көшіруге бірнеше минуттан төрт сағатқа дейін уақыт кетеді.

Кейбір операторлар алдымен өтінішті қабылдағаны, содан кейін номерді көшіргені туралы SMS жіберетіні бар.

Оператор ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына бару міндетті ме?

Басқа операторға көшу үшін өтінішті онлайн беруге болады: Kcell Activ Beeline Tele2 Altel

Сонда да, құжаттарға қол қойып, жаңа SIM-карта алу үшін қызмет көрсету орталығына бір баруға тура келеді.

Біреуге қоңырау шалғанда, оның қай операторда екенін қалай білемін?

Қазір қандай да бір номер қай компанияға тиесілі екенін префиксінен білеміз: “701, 702” – Activ немесе  Kcell; “705” – Beeline; “700” – Altel; “707” – “Теле 2” деп кете береді. “Мобиль құлдықтан” құтылғаннан кейін бұлай болмайды. Клиентке қай оператордың номеріне қоңырау соғып жатқанын хабарлап отыру немесе хабарламау заңда көзделмеген. Әзірге, кейбір компаниялар өз абоненттері арасында басқа операторлардың номеріне қоңырау шалу кезінде шатасып кетуін болдырмау мүмкіндігін қарастырып қойыпты, енді біреулері олай істемейміз деп отыр.

Бір оператордан басқасына көшуіме рұқсат бермей қоюы мүмкін бе?

Номеріңзді көшіруге бес жағдай кедергі болуы мүмкін:

Номер өз атыңызға тіркелмеген болса.

Тексеру кезінде ұялы байланыс қызметіне қарызыңыз бар болса.

Оператор алдында сатып алған абоненттік құрылғы (мысалы: телефон, планшет, т.б.) бойынша шартты міндеттемелеріңіз болса.

Номеріңізді соңғы көшіргелі бері 60 күн өтпесе (биылша ғана).

Құқық қорғау органдарының талап етуімен номерге блок салынған болса.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

26 пікір

  1. Мен ешқандай тиімділік көріп тұрған жоқпын. Бәрі далбаса. Тарифтерді арзандату керек. Шешім сол ғана.

  2. Жаңа жыл қарсаңында Activ менің нөмірім өзінен өзі істен шығып қалды. Қызмет көрсету орталығында менің нөмірді қайта рәсімдуін өтініп ақыға 200 тг алынған. Байқап қарасам орталыққа келгендердің басым бөлігі осы проблемамен келген екен. Activ тің бұл қулығын енді түсіндім, демек осы тәртіпке сәйкес біз 60 күнге дейін өз нөмірімізді басқа операторларға ауыстыра алмаймыз

    • Сонда егер менің нөмірім өз атыма тіркелмеген болса, мен оны тіркетіп артынша басқа операторға ауыстыра алмаймын ба? 60 күн күту керек пе?

  3. Сонда мысалы мен активтен алтел ге көшсем басы қалай болады сонда 8702 қалама ?жоқ əлде 8708 болып өзгере ме?

    • дәл сол номер қалады, ешқандай цифр өзгермейді, тек оператор өзгереді.

    • Жоқ өзгермейді. Номеріңіз сол күйінде қалады.

  4. Далбаса гой мынау,миды ашыту.Егер мен 8701-ге актив номер екен деп активтен звондасам,ал ол билайнда болса,менин бирлигим кетпей ма?Бул калай?Одан да тарифти арзандатпай ма?Кимнин кай оператора екенин кайдан билемиз?

    • Қазір қандай да бір номер қай компанияға тиесілі екенін префиксінен білеміз: «701, 702» — Activ немесе Kcell; «705» — Beeline; «700» — Altel; «707» — «Теле 2» деп кете береді. «Мобиль құлдықтан» құтылғаннан кейін бұлай болмайды. Клиентке қай оператордың номеріне қоңырау соғып жатқанын хабарлап отыру немесе хабарламау заңда көзделмеген. Әзірге, кейбір компаниялар өз абоненттері арасында басқа операторлардың номеріне қоңырау шалу кезінде шатасып кетуін болдырмау мүмкіндігін қарастырып қойыпты, енді біреулері олай істемейміз деп отыр.

  5. Егер, менiн мобильдi операторым менiн операторды ауыстырам деген шешiмiме карсы болса, кiмге барып шагымданамын?

  6. блмимин кайсысы жаксы екен интрнете бари тпой отирк трафтери калан ортасын да дурыс устамайды

  7. Шағын қалаларда бұндай қызымет түрлері жоқ, номерімді басқа оператырға ауыстыру үшін облысқа барамба?

  8. Өткенде жолдасымның Актив нөмірі өзінен өзі істемей қалды. 200 тг.төлеп қайта жасатты. Бір аптадан кейін менікі де істемей қалды. Әйтеуір, ақша жасаудың амалы

  9. ACTIV жақсы! Бүкіл жақта жақсы ұстайды! Және де қазір Активте Алло Қазақстан ХL тарифі өте тиімді! Айына 3500 тг 30 гб интернет, 1990 минут тегін аласың! Қосылу *166*1*48*1#

  10. Әр нөмір өз ретерімен болғаны друс еді егер басқа апиратырмен қоңырау шалса нөмірлерде қол жеттімдіғой бұларда бір қулық бар сияты оның түк пайдасын көріп тұрғанымыз жоқ тек қур далбаса ғана!

  11. bilmem go barligi auisip jatir rol nomerge.
    Mende kosilsam degen oim bar.
    Menin telefonim pinkodka tusip kalgan go
    endi ne istesem boladi. Baska nomer salsam
    telefonim pinKod surait .PinKodin kalai ashu
    ga boladi komektesinizshi magan otinem!!!

Пікір қосу